Көпжылдық дәстүргүл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көпжылдық дәстүргүл

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Asteroideae
Тайпасы: Astereae
Кіші тайпасы: Bellidinae
Тегі: Bellis
Түрі: B. perennis
Екі-есімді атауы
Bellis perennis
L.
Синонимдері

Көпжылдық дәстүргүл (лат. Bellis perennis) – астралылар тұқымдасының дәстүргүл тегінің көпжылдық шөптес өсімдігі.

Табиғи ареалы — Солтүстік Африка, Азия, Кавказ, Еуропа.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Көпжылдық дәстүргүл, Deutschlands Flora in Abbildungen кітабынан ботаникалық сурет, 1796

Көпжылдық дәстүргүлдің биіктігі 10—30 см.

Тамыр сабағы қысқа.

Оның жапырақтары жұмыртқа тәрізді сопақша, немесе күрек сияқты, сағақ жағы жіңішкелеу, жиегі кедір-бұдырлы келеді. Ал, жапырақсыз сабақтарында жеке-жеке орналасқан ақ түсті немесе қызыл өңді гүл зембілі болады. Өсімдік 10-15 см-лік биіктікке дейін өседі.

Гүлшоғыры — жеке тұрған себетше, гүлдердің түсі ақ, қызғылт немес қызыл болады. Гүлшоғырлардың диаметрі 3—8 см болады. Көбіне көктемде, жаздың басында, кейде жазы бойы гүлдейді.

Жемісі сары түсті 0,5 мм ұзындығы, маусымда піседі.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүргүлдің химиялық құрамы жете зерттелген жоқ. Көпжылдық маргариткада негізгі әсер етуші зат эфир майы және инсулин бар.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көпжылдық дәстүргүлдің суға қайнатылған (жер бетіндегі бөлігін кептіргеннен кейін) қайнатындысы қан тоқтататын дәрі ретінде қан құсып туберкулез ауруларына, жатырынан қан кетіп азап шегіп жүргендерге, ал жөтелмен, бронх демікпесімен аурушыларға қақырық түсіретін және қабынуларға қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланады.

Оны сәндік өсімдік ретінде де көбіне бақтарда өсіреді.[1]

    
Көпжылдық дәстүргүл.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.