Лайнус Карл Полинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Linus Pauling

Linus Pauling in 1954
Туған күні, жері ақпанның 28 (1901—02—28) (123 жас)
Lake Oswego, Oregon, USA
Қайтыс болған күні, жері 1994 ж. тамыздың 19 (93 жаста)
Big Sur, California, USA
Тұратын жері United States
Ұлты American
Зерттеу салалары Quantum chemistry
Biochemistry
Интитуттары

Faculty member: Caltech, 1927-63 UCSD, 1967-69 Stanford, 1969-75

Fellow:Center for the Study of Democratic Institutions, 1963-67
Alma mater Oregon Agricultural College
Caltech
Докторлық жетекшісі Roscoe G. Dickinson
Other academic advisors Arnold Sommerfeld
Erwin Schrödinger
Niels Bohr
Докторлық студенттері Jerry Donohue
Martin Karplus
Matthew Meselson
Edgar Bright Wilson
William Lipscomb
Еңбегі үшін әйгілі Elucidating the nature of chemical bonds and the structures of molecules
Advocating nuclear disarmament
Негізгі марапаттары Nobel Prize in Chemistry (1954)
Nobel Peace Prize (1962)
Lenin Peace Prize (1968-1969)
Notes
The only person to win two unshared Nobel Prizes

Лайнус Карл Полинг (Linus Carl Pauling) (1901 жылы 28 ақпанда АҚШ-тың Орегон штатының Портленд қаласы-1994) - белгілі америкалық химик, кристаллограф және екі мәрте Нобель сыйлығының иегері болған.

Лайнус Полингтің ең басты ғылыми жетістігі – оның XX ғасырдың 20-30 жылдарында жасаған химиялық байланыс туралы ілімі. Бұл тақырыпты ол өзінің 1939 жылы алғаш рет жарыққа шыққан“The Nature of Chemical Bond and the Structure of Molecules and Crystals” (Химиялық байланыстың табиғаты және молекула мен кристалдардың құрылымы) атты кітабында толығымен қарастырды. Кітап бірнеше қайтара шығарылып, көптеген тілдерге аударылды. Полингтің химиялық байланыстың табиғаты жайлы түсініктері ескіріп бара жатса да оның құрылымдық химияны оқытуға қосқан үлесі өте зор, осы ілімнің негізінде қазіргі кезде де көптеген жаңа зерттеулер мен жаңалықтар ашылуда. Кітапта алғаш рет Полинг құрастырған гибридтену теориясы жазылған. Полинг ақуыз молекулаларының құрылымын зерттеу бағытында көп жұмыстар жасады, ал 1954 жылы ол «Химиялық байланыстың табиғатын зерттеу және оны күрделі молекулаларды түсіндіруде қолдану» үшін химия бойынша Нобель сыйлығын алды.

1922 жылғы Полингтің Орегон мемлекеттік университетін бiтіргендегі суреті

1961 жылы Полинг және оның жұбайы Осло қаласында ядролық қарудың таралуына қарсы конференция ұйымдастырды. Л. Полинг ядролық cынақтарды тоқтату жайлы келісім-шарт жобасын жасады. Бұл жобаның негізінде 1963 жылы АҚШ, КСРО және Ұлыбритания қол қойған ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімшарт жасалды. Бұл бітімгершілігіне байланысты 1963 жылы Лайнус Полинг әлемдік Нобель сыйлығымен марапатталды. XX ғасырдың 60 жылдарының соңында Полинг С дәруменінің биологиялық әсерін белсенді түрде зерттей бастады. Ол аскорбин қышқылын үлкен мөлшерде қолдану арқылы вирустық «суық тию» ауруларының алдын алу теориясын қалыптастырды. Бұл теория медициналық зерттеулермен дәлелденді. Қазірде де көптеген адамдар С дәруменінің бұл қасиеттерін қолданады. 1970 жылы Полинг «С дәрумені және тұмау» кітабын басып шығарды. Үш жылдан кейін Полинг Ортомолекулалық медициналық институтын ашты, кейін ол Лайнус Полинг атындағы Ғылым және медицина институты деп аталды. Онда ол дәрумендерді ауруларды емдеуде қолдануды зерттеді. Э. Камеронмен бірлесіп жұмыс істей отырып, Полинг аскорбин қышқылын қауіпті ісік ауруларына қолдануда оң нәтижелер алып, 1979 жылы «С дәрумені және қатерлі ісік» кітабын шығарды. Жалпы алғанда, Лайнус Полинг өмірге құштар адам болатын. Өмірінің соңына дейін ол шығармашылық белсенділігі мен ғылымға құлшынысын сақтап қалды. Альберт Эйнштейн Полингті «нағыз кемеңгер» деп атады.

Лайнус Полинг 1994 жылы 19 тамызда өмірден өтті. Бұл ұлы ғалымның ғылымға қосқан зор үлесін толық бағалау мүмкін емес.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Linus Pauling