Лунар орбитер
Лунар Орбитер (ағылш. Lunar Orbiter) — 1966—1967 жылдары Айдың орбитасына автоматты ғарыш аппараттарын шығаруға бағытталған НАСА-ның бағдарламасы. Ұшырылған бес аппараттың бәрі тапсырмасын сәтті орындады, олар Ай бетінің 99%-н суретке түсіріп, соның негізінде Ай картасы жасалды.
Ғарыш аппараттарын Boeing компаниясы құрастырды, олардың бір-бірінен сәл ғана айырмашылығы болды. Биіктігі 1,68 метр, ені 1,5 метр, ал салмағы 385,6 кг болды. Әр аппарат екі фотокамерамен жабдықталды, оларды Eastman Kodak компаниясы жасаған. Бұған қоса гравитациялық өрісті өлшейтін радиомаяк және микрометеориттер санауышы болды.
1966 жылдың тамызында Лунар орбитер-1 Ай жақтан түсірілген Жердің алғашқы суретін түсірді. 1967 жылдың 8 тамызында Лунар орбитер-5 Жер шарының толықтай көрінетін алғашқы суретін түсірді.
Миссиялары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лунар орбитер ғарыш аппараттары:
- Лунар орбитер-1
- 1966 жылдың 10 тамызында ұшырылды, Айды 18—29 тамызда түсірді
- Мақсаты — Аполлон ғарыш кемелерінің қонуына қолайлы алаңдарды барлау
- Лунар орбитер-2
- 1966 жылдың 6 қарашасында ұшырылды, Айды 18—25 қарашада түсірді
- Мақсаты — Аполлон ғарыш кемелерінің қонуына қолайлы алаңдарды барлау
- Лунар орбитер-3
- 1967 жылдың 5 ақпанында ұшырылды, Айды 15—23 ақпанда түсірді
- Мақсаты — Аполлон ғарыш кемелерінің қонуына қолайлы алаңдарды барлау
- Лунар орбитер-4
- 1967 жылдың 4 мамырында ұшырылды, Айды 11—26 мамырда түсірді
- Мақсаты — Ай картасын жасау
- Лунар орбитер-5
- 1967 жылдың 1 тамызында ұшырылды, Айды 6—18 тамызда түсірді
- Мақсаты — Ай картасын жасау
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Lunar Orbiter program |
- Lunar Orbiter НАСА сайтында
- The Lunar Orbiter: A Spacecraft to Advance Lunar Exploration 1965 YouTube сайтында
- The Lunar Orbiter Camera at George Eastman House YouTube сайтында
- Бағдарлама бойынша түсірілген фотосуреттер галереясы
|