Люция Қажығалиқызы Төлешова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Люция Қажығалиқызы Төлешова
Туған күні

22 мамыр 1941 (1941-05-22)

Туған жері

Астрахан облысы

Қайтыс болған күні

3 тамыз 2021 (2021-08-03) (80 жас)

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандығы

әнші
музыка педагогы, профессор

Аспаптары

Фортепиано

Жанрлары

эстрада

Ұжымдары

Қазақконцерт
Гүлдер ансамбльі

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Люция Қажығалиқызы Төлешова (1941 жылы 22 мамыр - 2021 жылы 3 тамыз , Алматы қаласы) — әнші, музыка педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» кафедрасының профессоры.

  • Люция Қажығалиқызы Төлешова 1941 жылы 22 мамырда Астрахан облысында дүниеге келген.
  • 1962 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірген. Училище қабырғасында жүрген кезде А.В. Молодовтың жетекшілігіндегі капеллада ән салды.
  • Музыкалық училищені аяқтаған соң Гнесиндер атындағы Мәскеу мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтына түседі. Шеберлігін шыңдау мақсатында Люция Қажығалиқызы Р. Керрер, С. Рихтердің дәрістеріне қатысып, олардың берген білімін барынша сіңіруге тырысты. Оған Гнесина, Шостакович, Хачатурян, Чаплин, Дмитриевпен араласу бақыты бұйырыпты.
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисті болып, «Чио-Чио сан», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» операларында басты рольдерді сомдады.
  • 1968 жылдары Қазақконцерт өнер бірлестігінің жанынан Гүлдер ансамбльі ашылғанда Люция Қажығалиқызы әншілердің дауысын қойып, вокалдан ұстаздық етті.
  • 1970 жылы композитор, Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген өнер қайраткері Мансұр Сағатовтың шақыруымен Мемлекеттік телерадиокомитетінің әншісі ретінде қабылданып, әр жанрдағы әндерді шебер орындап, Қазақ радиосының «Алтын қорын» толықтырды. Ел елді аралап, әріптестері Рашид Мұсабаев, Суат Әбусейітов, Зейнеп Қойшыбаева, Гүлвира Разиева, Венера Қармысова, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды халық қалаулыларымен бірлесіп қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосты.
  • 1970 - 1996 жылдары қазақ телевизия және радио солисті болды.
  • Ю. Силантьев жетекшілік еткен Орталық телевизия оркестрімен жұмыс істеп, Минск, Киев, Кишиневте өнер көрсетті.
  • Л.Қ. Төлешованың жеке концертін Кеңес Одағының Орталық телевизиясы түсірді. Ол қазақ эстрада өнерін Грузия, Армения, Әзірбайжан, Балтық елдерінде паш етті. Чехословакия, Германия, Финляндияға гастролдік сапар жасады.
  • 1995 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» кафедрасының профессоры.
  • 80 жастан асқан шағында белгілі қазақ әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнер қайраткері, атақты педагог Люция Төлешова қайтыс болды. Қаралы хабарды қазақстандық театр режиссері Асхат Маемиров өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.
 "Бүгін 80 жастан асқан шағында қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор, елімізде тұңғыш рет "Эстрадалық вокал" кафедрасының негізін салған қайраткер жан Люция Қажығалиқызы Төлешова әлемді жайлаған індеттен дүние салды.

Мәскеудегі Гнессиндер атындағы музыка академиясын тәмамдаған Люция Төлешова өзінің саналы ғұмырын кәсіби эстрада өнеріне арнады. Соңғы демі үзілгенше Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық вокал" кафедрасының профессоры болып еңбек етті. Люция Қажығалиқызы тәрбиелеген шәкірттер - Т.Забирова, Б.Шадаева, С.Майғазиев, Б.Мұхитдинова, Г.Қаспақова, М.Мүсірәлі, Ж.Арыстанбаева, Ә.Каримов, Қ.Түнтеков, Б.Құлғараев, Б.Ретбаев т.б. Қазақстанның өнер кеңістігінде белгілі әншілер мен орындаушыларға айналды.

Шәкірттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Люция Қажығалиқызының елімізге және шет елдерге танымал эстрада әншілері халықаралық фистивальдерінің лауреаттары бар.
  • Қазақстан Республикасының Халық әртістері: Қайрат Байбосынов, Нағима Есқалиева, Қапаш Құлышева
  • Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері: Толқын Забирова, Сәкен Майғазиев, Гаухар Қаспақова және т.б көп.
  • Халықаралық және республикалық фистивальдерінің лауреаттары: Бағым Мұхитденова, Гүлмира Жүкіпбаева, Сәкен Майғазин, Жадыра Арыстанбаева, Нұрлан Албан, Әлішер Каримов, Бердібек Құлғараев, Гүлия Айдарханова, Бақыт Шадаева, Қайрат Түнтеков, Меруерт Мүсірәлі сынды тамаша әншілерді өнерге баулып, ұстаздық міндетін адал атқарған Люция Төлешова бүгінде еңбектің зейнетін көріп, торқалы тойында осы шәкірттерінің өнерін Алматы жұртшылығына таныстырды.

Қосымша мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Люция Қажығалиқызының бір ерекшелігі - орыс романстарын, сонымен қатар Қазақстан композиторларының ән-романстарын ерекше сезіммен жеткізіп орындай біледі. Сонымен қатар, патриоттық әндерді өз бояуында жеткізе білген шебер әнші.
  • Әнші Люция Төлешованың орындауында Қазақ радиосының «Алтын қорында» 347 әні сақталған.
  • Люция Қажығалиқызы алыс-алыс ауылдарды, шалғай елді мекендерді аралап өнер көрсетсе, Мәскеудегі Орталық телеарналардан жиі көрініп, Минск, Киев, Кишинев сахналарында әлденеше ән салған. Сонымен қатар Грузия, Армения, Азербайжан, Прибалтика елдерінде, Чехославакия, Германия, Финляндия сынды шетелдерде қазақ эстрадасын дәріптей білді.
  • Мұрат Әуезовтың ұйғаруымен «Жас қыран» атты ансамбль құрылып, Люция Қажығалиқызы сол ансамбльдің әншісі болады. Өзінің болашақ жары Амангелді Смағұловты Люция Мәскеуде жолықтырыпты. Амангелді кейін самбо, дзю-додан дүниежүзі чемпионы, КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы болды.
  • 1975 жылы Литвада Жеңістің 30 жылдық мерейтойында Жақсыгелді Сейіловтың «Ана туралы баллада» әнін нақышына келтіріп орындап, дипломант атанғаны бар.
  • Жалпы одақтық театр қауымдастығының мүшесі.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]