Мадаин-Салих
Көрініс
Мадаин-Салих - Сауд Арабиясында орналасқан ескерткіш. Осыдан екі мың жыл бұрын ескерткіш орналасқан мекенде Хегра атты сауда орталығына айналған өте үлкен қала болған. Мадаин-Салих атты тас қорым – дәл осы қаладан қалған жалғыз ескерткіш. Ғалымдардың айтуынша, қорым б.з.д. І ғ-б.з. І ғ. аралығында соғылған екен. Қорған қабырғаларынан Ассирия, Египет елдеріне тән өрнектер мен әр түрлі тілдердегі жазбаларды оқуға болады. Және мұндай өрнектер әлемде ешбір жерде кездеспейтінді. Мадаин-Салих 1972 жылы ресми түрде туристік объект мәртебесіне ие болды, ал 2008 жылы ЮНЕСКО-ның аса құнды мұраларының тізіміне қосылды. Және де Мадаин-Салих - Сауд-Арабия жеріндегі мұндай бағаға ие болған алғашқы ескерткіш.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Мадаин-Салих
- nabataea.net: фотогалерея
- Photos zubeyr-kureemun.com: фотогалерея Мұрағатталған 11 ақпанның 2012 жылы.
- http://www.splendidarabia.com/mada'in_salih.htm Мұрағатталған 11 қазанның 2008 жылы.
- Мадаин-Салих, Сауд Арабиясы Мұрағатталған 5 наурыздың 2011 жылы.