Малакка түбегі
Малакка түбегі (малайша Tanah Melayu
- тай. คาบสมุทรมลายู) — Оңтүстік Шығыс Азиядағы Үндіқытай түбегінің оңтүстік бөлігі.
Ұзындығы 1300 км, ауданы 190 мың км² Малакка түбегінің солтүстігінде Мьянма, Таиланд, оңтүгінде Малайзия мемлекеттері орналасқан. Батысында Андаман түбегі және Малакка бұғазымен, шығысында Үндіқытай түбегі және Сиам шығанағымен шектеседі. Тау массивінің биіктігі 2190 м-ге (Тахан тауы) жетеді, ал шығыс жағалауын жазық жерлер алып жатыр. Малакка түбегінде қалайының, вольфрамның мол кен орындары бар. Экваторлық, субэкваторлық климат белдеуінде орналасқандықтан ауа температурасы жыл бойы тұрақты (25 — 27°С). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1000 — 4000 мм.
Мұнда мәңгі жасыл орман өседі.
Жануарлардан гиббон, лемур, малайя тапирі, мүйізтұмсықтар, т.б. мекендейді. Күріш, кокос пальмасы, каучукты өсімдіктер өседі.
Малакка түбегінде Малайзияның астанасы — Куала-Лумпур қаласы орналасқан.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |