Нагпур
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Нагпур (Nagpur) — халқының саны 2 051 320 адам болатын (2001) Үндістанның МАХАРАШТРА штатының солтүстік-шығысындағы қала. Үндістанның географиялық орталығындағы Нагари өзенінің жағалауында орналасқан. 18 ғасырда гонд билеушісінің ықпалына қаланған. МАРАТХ конфедерациясының астанасы болған. 19 ғасырда ағылшындар қол астында болған. Өнеркәсіп өнімдеріне текстильді бұйымдар мен темір өнімдері, транспорттық құрылғылар, фармацевтік дәрі-дәрмектер жатады. Сондай-ақ мақта өсіріп, өндіреді және апельсин өсіріп жинайды. Қала орталығында бұрынғы ағылшын форты дамып келеді. Қала білім мен мәдениет орталығы болып саналады.