Никола Буало

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Никола Буало
Буало - Депрео Никола
Сурет:Fasciculus:Nicolas Boileau.jpg
Туған күні

1 қараша 1636 (1636-11-01)

Туған жері

Париж

Қайтыс болған күні

13 наурыз 1711 (1711-03-13) (74 жас)

Қайтыс болған жері

Париж

Азаматтығы

Франция

Ұлты

Француз

Никола Буало - француз ақыны, сыншы, классицизм теоретигі.

Әдеби қызметін сатирадан (1660-1666 ж. 9 сатира жазды), хаттан бастады. Николаның басты еңбегі - франция классицизімінің кодексі болған "Ақындық өнер" деп аталатын трактат. Никола Буало өзге елдерді классицизмге де әсерін тигізді. Оның теориялық еңбектерінің ішінде көне дәуір классиктерінің 17 ғасырдағы сарай ақындарынан биік тұрғанын көрсететін "Лонге жайлы ойлар" атты трактаты да аса құнды еңбек болып саналады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том