Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Оливер Кромвель

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Оливер Кромвель

Кромвель(‘’Cromwell’’) Оливер (‘’25.4.1599, Хантингдон – 3.9.1658, Лондон’’) – ағылшынның мемлекеттік қайраткері. Интепенденттер (‘’протестантизм ағымын жақтаушылардың’’) көсемі болған. Англияның лорд-протекторы (1653). Ағылшын революциясы басталған кезде Кромвельдің шаруалардан құралған атты әскері король армиясына қарсы ұрыстарда ерекше табандылығымен көзге түсті. Темірдей берік тәртібі бар осы әскер кейіннен ағылшын парламентінің “жаңа үлгідегі” армиясының негізін құрды. Азамат соғысы кезінде (1644 – 48) Кромвель өзін талантты қолбасшы ретінде көрсетті. Король әскерін бірнеше рет талқандап, халық арасында үлкен беделге ие болды. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін қауымдар палатасының мүшесі ретінде саяси күреске белсене араласты. Әскерге арқа сүйеп, корольді өлтіруге, монархия мен лордтар палатасын жойып, Англияны республика деп жариялауға жағдай жасады (1649). Бірақ, билікке келгеннен кейін жеке өзінің диктатурасын орнатуды көздеп, жаппай жазалау шараларын қолданды. Ирландиядағы ұлт-азаттық көтерілісін (1649 – 52) күшпен басып тастады, демокр. ағымның өкілдерін қуғындады (1649, 1651), 1653 ж. желтоқсанда Англия, Ирландия, Шотландияның лорд-протекторы болып тағайындалып, елде өзінің жеке билігін орнатты[1].


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы"