Отты шеңбер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тынық мұхиттағы Отты шеңбер
Жаһандық жерсілкінісі (1900–2013)
: EQs M7.0+ (тереңдік 0–69km)
: Актив волкандар

Отты шеңбер (ағылш. Ring of Fire) — жанартаулар жиі атқылайтын және жиі жер сілкінетін қауіпті аймақ. Бұл сақина Тынық мұхиты алабын қоршап тұрғандықтан, оны "Тынық мұхитының Отты шеңбері" немесе "Тынық мұхиттық белдеу" деп те атайды. Сақина Жаңа Зеландиядан басталып, Азияны жағалап Аляскаға жетіп, сосын Америка құрлығының оңтүстігіне дейін созылып барады. Отты шеңбердің тұрқы жүзікке, тағаға ұқсайды және 40 мың шақырымға дейін созылып жатыр. Бұл мұхит ойпатының, аралдар доғасы мен жанартаулы тау жоталарының және плиталардың үздіксіз тізбегімен байланысты.

Отты шеңбердің сыры

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дүниедегі тектоникалық кесектер

Ғалымдар Отты шеңберді зерттеу арқылы жер бетіндегі тектоникалық тақталар қозғалысын анықтайды. 1912 жылы Неміс ғалымы Альфред Вегенер ең алғаш Жер қозғлысы теорияын ұсынды. Вегенердің айтуынша, құрлықтар ауыр материалдардың үстіндегі жеңіл жартастардан құралған. Ол суда жүзген алып заттар секілді материктер тұрақты қатып қалған емес, ақырын қозғалады деген болжам жасады. Кейін ғалымдар Вегенердің көптеген идеялары дәл осы Отты шеңберге сай келетінін анықтады. Сөйтіп олар тақталар тектоникасы деп аталатын теорияны жасады. Тақталар тектоникасы бойынша, жер беті қалыңдығы сексен шақырым болатын көптеген үлкен тақталардан немесе жартастардан тұрады. Тақталар жүзіп, жыл сайын бірден он сантиметрге дейінгі жылдамдықпен баяу қозғалады. Бұл адам тырнағының өсу жылдамдығымен бірдей деген сөз.

Тектоникалық кесек картасы, NASA

Отты шеңберде жер тақталары үшін жаңа материал үнемі жасалып отырады, өйткені магма деп аталатын ыстық сұйықтық Жердің ортасынан мұхит түбіне дейін ағады. Жер бетіндегі барлық тақталар жаңа материалға орын қалдыру үшін аздап қозғалуға тиіс болады. Тақталар бір-бірінен алыстауы, немесе бір-біріне қарай қозғалып, бірінің ішіне бірі енуі мүмкін. Олар бір-біріне тиіскенде, бір тақта екіншісінің астына кіреді. Бұл процесс субдукция деп аталады. Субдукция жер сілкіністерін жиі тудырады. Сондай-ақ, астынғы тақта аса жоғары температура салдарынан еруі мүмкін. Осы процесс себебінен Отты шеңберде байқалатындай, пайда болған магма Жер бетіне көтеріліп, Жанартау болып атқылауы мүмкін.

Тынық мұхитының айналасындағы жанартаулық белсенділік белдеуінің бар екені алғаш ХІХғ ортасында байқалды. "Олар (Жапон аралдары) Терра-дель-Фуегодан (Tierra del Fuego) Молуккаға (Moluccas) дейінгі Тынық мұхиты жағалауларын қоршап жатқан белсенді жанартаулар аймағына тән."[1]

Әлемдегі жер сілкінулердің 90 пайызы, үлкен жер сілкіністердің 81 пайызы осы Отты шеңбер бойында орын алады. Отты шеңберден кейінгі екінші орында тұрған сейсмикалық аймақ - Жерорта теңізіндік (Альпі-Гималай) белдеуі. Ол Явадан Суматраға дейін, Гималай тауы мен Жерорта теңізін бойлай Атлант мұхитының шетіне дейін созылып жатыр. Қазақстан мұхиттан алыс орналасқандықтан бізге цунамиден онша қауіп жоқ. Дегенмен, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінің жер сілкіну қауіптілігі жоғарырақ.

Соңғы 11 700 жылда әлемдегі ең ірі 25 жанартау атқылауының үшеуінен басқасы түгелдей Отты шеңбердегі жанартауларда болған.

Карризо жазығындағы Сан-Андреас жарқашы

Калифорнияның әйгілі әрі өте белсенді Сан-Андреас жарқашы (San Andreas Fault) аймағы трансформды жарқаш болып, ол Мексиканың және оңтүстік-батыс АҚШтың астындағы шығыс тынық мұхитының көтерілуінен бір бөлігі жеміріліп қалыптасқан. Жарықаштың қозғалысы күніне бірнеше рет болатын көптеген кішігірім жер сілкіністерін тудырады, олардың көпшілігі сезілмейді.[2][3]

Британдық Колумбияның Хайда-Гуайдың батыс жағалауындағы белсенді Шарлотта ханшайым жарқашында (Queen Charlotte Fault) ХХғ ішінде үш ірі жер сілкінісі болды: 1929 жылы 7 балл; 1949 жылы 8.1 балл (Канададағы ең үлкен жер сілкінісі); және 1970ж 7.4 балл.[4]

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жер шарының біраз жерін алып жатқан Тынық мұхиттық және Жерорта теңіздік екі сейсмикалық белдеуде жер сілкіністерінің 90 пайызы орын алады.
  • Тынық мұхиттық белдеу Американың батыс жағалауын бойлай, шығысқа қарай және Австраияның солтүстігін, сондай-ақ Азияның шығыс жағалауын қамтиды.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Matthew Perry, Америка эскадронының Қытай теңізі мен Жапонияға экспедициясы туралы әңгіме, 1852–54, Кіріспе, Section I, "Name, Extent, and Geography"
  2. Latest Earthquakes in the USA. USGS.
  3. The San Andreas Fault. USGS.
  4. Earthquakes in the Queen Charlotte Islands Region 1984–1996. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 сәуір 2006. Тексерілді, 3 қазан 2007.
  5. .ТАУЛАР, ЖАНАРТАУЛАР. ҮҢГІРЛЕР — Алматы: «Аруна» баспасы