Пабло Пикассо
Пабло Пикассо | |
ис. Pablo Picasso | |
Пикассо 1962.жылда | |
Туған кездегі есімі |
Пабло Диего Хосе Франсиско де Паула Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Сиприано де ла Сантисима Тринидад Мартир Патрисио Руис и Пикассо |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Мужен, Франция |
Азаматтығы | |
Жанры |
Кескіндеме, графика, мүсін, гравюра, керамика, сценография, жазу |
Мектебі | |
Атақты қолөнерлері |
Өмір (1903.ж) |
Пабло Пикассо (толық есімі – Пабло Диего Хосе Франсиско де Паула Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Сиприано де ла Сантисима Тринидад Мартир Патрисио Руис и Пикассо) (ис. Pablo Diego José Francisco de Paula Juan Nepomuceno María de los Remedios Cipriano de la Santísima Trinidad Martyr Patricio Ruíz y Picasso; 25 қазан 1881 жыл, Малага, Испания – 8 сәуір 1973 жыл, Мужен, Франция) — испан суретшісі, мүсіншісі, графигі, керамисті және дизайнері.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шыққан тегі испандық. Пикассо 10 жасынан суретшілік талантымен танылған. Ол Барселонадағы әсемдік өнер мектебінде, Мадридтегі Сан-Фернандо Академиясында (1897–98) оқыды. 1897 жылы алғашқы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады. Руис фамилиясынан бас тартқан Пикассо Парижге (1900) көшіп, коллекционер А.Воллардың галереясында көрме ашты. Пикассоның осы жылдардағы еңбектері – “көгілдір” (1901–04) және “қызғылтым” (1905–06) кезең туындыларына жатады. Бұл екі түсті гамманың басымдылығымен ерекшеленетін шығармаларының басты тақырыбы – жалғыздық, қайыршылық, кезбелік. Алғашқы үздік танылған картиналары: “Әйелдің басы” (1903), “Бала ерткен қайыршы шал” (1903), “Шар үстіндегі қыз” (1905), т.б.
1907 жылдан бастап Пикассо реалистік кескіндеме дәстүрінен алшақтап кубизм, неоклассицизм, сюрреализм ағымдарына бой ұрды. Оның “Авиньон бикештері” (1907), “Желпуіш ұстаған әйел” (1909), “А.Воллар портреті” (1910), “Үш музыкант” (1920) атты еңбектері кубизм тәсілінде салынса, неоклассицизм мәнерінде “Бастау басындағы үш әйел” (1921), “Ана мен бала” (1922) шығармаларын жазды. Ал “Би” (1925), “Жағажайдағы әйел” (1930) картиналарында сюрреализм дәстүрінің негізі сақталды. 1936–39 жылдары суретші Испанияда өмір сүріп, фашизмге қарсы күреске белсене араласты, өзінің соғысқа, фашизмге деген көзқарасын саяси өткір картиналарымен көрсетті. Осы тақырыпта топтама суреттер “Генерал Франконың арманы мен өтірігі” (1937), үлкен трагед. композиция “Герника” атты еңбектері жарық көреді. 1946 жылдан Францияның оңтүстігінде өмір сүрген Пикассо сурет өнерімен қатар керамика, мүсін өнері, балет декорацияларын жасаумен де шұғылданды. 1947 жылы соғысқа қарсы қозғалыстың символына айналған “Бейбітшілік көгершінін” дүниеге әкеледі. Соғысқа қарсы қозғалыстарға белсене араласып, Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесіне мүше болды. Бейбітшілік тақырыбындағы өнер туындылары үшін 1950 жылы Халықаралық Бейбітшілік сыйлығын алды.[1]
Сарапшылар Пикассоны ең «қымбат» суретші деп атады – 2008 жылы оның жұмыстарының тек ресми сатылымдарының көлемі 262 млн долл[2] құрады. 2010 жылдың 4 мамырында Пикассоның Кристис аукционында 106,482 миллион долларға сатылған «Жалаңаш, жасыл жапырақтар және мүсін» картинасы дүние жүзінде қашан да болсын сатылған ең қымда өнер туындысына айналды.
1,4 млн оқырмандарға The Times газеті 2009 жылы өткізген сауалнаманың нәтижелері бойынша, Пикассо соңғы 100 жыл бойы өмір сүргендердің арасындағы ең жақсы суретші болып мойындалды. Оның суреттері ұрылардың арасында «белгілілігі» бойынша бірінші орында тұр.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Pablo Picasso |
- 25 қазанда туғандар
- 1881 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Малагада туғандар
- 8 сәуірде қайтыс болғандар
- 1973 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша суретшілер
- Испания суретшілері
- Испания мүсіншілері
- Франция натюрморты шеберлері
- Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін Халықаралық Ленин сыйлығының иегерлері
- Пабло Пикассо
- Социалистер
- Испаниядан Францияға қоныс аударғандар
- Француз коммунистік партиясы мүшелері
- XX ғасырдағы Франция суретшілері
- Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының иегерлері
- Куба тұлғалары
- Испания керамикашы-суретшілері
- Франция керамикашы-суретшілері
- Буш-дю-Рон департментінде жерленгендер
- Сюрреалистер
- Постимпрессионизм