Парсы шығанағы
Парсы шығанағы | |
Ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 239 000 км² |
Көлемі | 9100 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | ≈5 500 км |
Тереңдігі | 102 м |
Орташа тереңдігі | 36 м |
Суды жинау ауданы | ≈1 400 000 км² |
Орналасуы | |
26°54′17″ с. е. 51°32′51″ ш. б. / 26.90472° с. е. 51.54750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 26°54′17″ с. е. 51°32′51″ ш. б. / 26.90472° с. е. 51.54750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | Иран Ирак Кувейт Сауд Арабиясы Катар Бахрейн БАӘ Оман |
Парсы шығанағы Ортаққорда |
Парсы шығанағы (парсы: خلیج فارس [Халидж-е-Фарс]; араб елдерінде — араб.: الخليج العربي [Әл-халидж-әл-Араби] — Араб шығанағы) — Иран мен Араб түбегінің арасындағы шығанақ. Ормуз бұғазы арқылы Оман шығанағы, Араб теңізі және Үнді мұхитына шығады. Гидрологиялық режим бойынша жерорта теңізі болып табылады.
Шығанақтың ауданы — 239 000 км², Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 926 километрге созылған, ені — 180—320 км. Көпшілік бөлігінде тереңдігі 50 м-ге жетпейді, ең терең жері 115 м. Ең ірі аралдары: Кешм, Бубиян, Бахрейн.
Парсы шығанағының жағалауындағы елдер — Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Кувейт, Ирак және Иран. Парсы шығанағына Тигр мен Евфраттың қосылуынан пайда болған Шатт әл-Араб өзені құяды. Бұл аймақтың атауын «Араб шығанағы» деп атағысы келетін араб елдері даулайды.
Парсы шығанағының ауданы бай мұнай қорына байланысты геосаяси тұрғыдан өте маңызды. Осыған орай 1991 жылғы соғыс Парсы шығанағы соғысы деп аталды (негізгі қақтығыс құрлықта болғанымен).
Тау алды тектоникалық иінінде жайласқан. Жағалауларына жақын жатқан аралдар (Бахрейн, т.б.) көп, оңтүстік бөлігінде маржан рифтері таралған. Субтропиктік ендіктердегі орнына және қатты қызатын құрлықтың әсеріне байланысты суының температурасырасы мен тұздығы жоғары. Судың беткі қабатындағы температура шілдеде 350С-қа дейін жоғарылайды. Бұл дүниежүзілік мұхит бойынша ең жоғары темпертура. Тұздығы 37 – 39‰. Шығанақтың түбінде және оған іргелес аудандарда мұнайдың дүние жүзі бойынша орасан зор қоры шоғырланған. Ол Парсы шығанағының мұнайлы-газды алабын құрайды. Балық аулау, меруерт жинау дамыған. Кеме қатынасы үшін маңызы зор. Басты порттары: Басра (Ирак), Абадан, Бендер-Шахнур (Иран), Әл-Кувейт (Кувейт), Рас-Паннура (Сауд Арабиясы), Манама (Бахрейн), Умм-Саид (Катар).
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ғалымдар ежелгі уақытта Парсы шығанағы қазіргіден де үлкен аумақты алып жатқанын айтады. 6 мың жыл бұрын әлемдік мұхит деңгейі қазіргіден 2 метр жоғары болды (ол кезде Доггерлендты су басқан). Бұл фландрия трансгрессиясымен байланысты. Шығанақтың солтүстік жағалауы Ур мен Эриду қалаларына жетті.
Парсы шығанағының көлемі, ұзындығы, тереңдігі мен аумағы әртүрлі дереккөздерде біршама ерекшеленеді. Бұл факт әр жылдардағы табиғи жағдайлардың өзгергіштігімен, сондай-ақ бұрын дәл өлшеу құралдарын қолданудың мүмкін еместігімен түсіндіріледі.
Иранның ұлттық атласы бойынша Парсы шығанағының ауданы шамамен 255 000 км² құрайды. Оның ұзындығы 900 км, ені кейбір нүктелерде 180-нен 300 км-ге дейін, басқаларында 185-тен 333 км-ге дейін. Парсы шығанағының орташа тереңдігі 25—35 м, ең үлкен тереңдігі — 100 м — Ормуз бұғазының сағасында белгіленген. Парсы шығанағының ені ең тар жері — Ормуз бұғазында 40 км, ал шығанақтың ең кең бөлігінде 270 км. Шығанақтың орташа ені шамамен 215 км.
Иран жағалау сызығының ұзындығы (Бендер-Аббастан Фао сағасына дейін) 1375 км құрайды, бұл шығанақтың жағалау сызығының жалпы ұзындығының 45,3 % құрайды. Бұл көрсеткіш Парсы шығанағының басқа елдерімен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш.
Ирактың жағалау сызығы, өз кезегінде, ең қысқа жолдардың бірі. Ол 18,5 км-ге тең, бұл жалпы жағалау сызығының 0,6 %-на тең.
Парсы шығанағының оңтүстік жағалауында үлкен ағынды өзендер жоқ, сирек жағдайларды қоспағанда, кішкентай ағындар бар, олар тек жаңбырлы уақытта аздап су әкеледі. Кері жағдай солтүстік жағалауда байқалады, онда көптеген ірі және Толып жатқан өзендер орналасқан. Мұндай өзендерге Сеймерре, Керхе, Дез, Карун, Джарахи, Зохра, Монд кіреді, олар тікелей немесе ірі өзендерге біріктіріліп, Иранның Хузестан, Бушеһр, Хормозеган провинцияларының аумағында Парсы шығанағына құяды.
Бұл өзендер Иранның оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс бөліктерінде ағып, Парсы шығанағы мен Оман теңізінің бассейніне құяды. Өзендердің бастаулары Загрос тауларында орналасқан.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Парсы шығанағының жағалауында тропикалық континенттік климат басым. Жаз ыстық, ауаның орташа температурасы плюс 29—32 °C. Ыстықта ауа 40—50 °C дейін қызады. Абсолюттік максимум Ахваз қаласында (Хузестан жазығы) тіркелді. Қысы солтүстікте салқын, онда температура нөлден төмен немесе +2 °C болуы мүмкін, оңтүстікте жылы — 22-ден 25 °С-қа дейін.
Тағы да
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ K Darbandi Gulf renamed in aversion to 'Persian'. Asia Times (Oct. 27th 2007). Тексерілді, 30 қараша 2010.
- ↑ Mahan Abedin All at sea over 'the Gulf'. Asia Times (Dec. 9th 2004). Тексерілді, 30 қараша 2010.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |