Пежш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Пежш (маж. Pécs) — Мажарстанның оңтүстік-батысындағы қала. Қала Мечек тауының етегінде орналасқан. Халық саны 156 576 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша).

Пежштегі ерте кезеңдегі христиандық некрополь ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар қорына № 853 нысан болып енгізілді. Эссен және Ыстанбұлмен қоса Пежш 2010 жылы Еуропаның мәдени орталығының бірі болды. Қала 2000 жыл бұрын қалыптасты. Дегенмен қазба жұмыстары кезінде қалада біздің заманымызға дейінгі 4 мыңжылдықта кельт қоныстарының болғанын дәлелдеді.

Рим империясының кезінде Паннония провинциясының құрамында болған кезде қала «Сопине» деп аталған. Сол замандағы христиан бейіттері осы уақытқа дейін сақталған және ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар қорына тіркелген.

Империя құлаған соң аймақ варварлар, ғұндар мен аварлардың қолына өтті.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]