По

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
A.
По өзенінің басы

По (Po) — Италиядағы ең ірі өзен. Ұзындығы 652 км, алабының аумағы 75 мың км². Батыс Альпіден басталып, батыстан шығысқа қарай Падан жазығын бойлай ағып, Адрия т-не батпақты атырау жасап (аумағы 1,5 мың км²) құяды. Альпіден басталатын сол жақ салалары (Дора-Рипария, Дора-Бальтеа, Тичино, Адда, т.б.) таудағы маусымдық қар мен мұздық ерігенде көктем мен жазда тасиды. Басын Апеннин тауларынан және Теңіз жағалық Альпіден алатын оң жақ салалары (Танаро, Треббия, Таро, т.б.) көктем мен күздегі жаңбырға байланысты молаяды. Осыған сәйкес По орта және төменгі ағысында 2 рет (мамыр — маусым, қазан — қараша) тасиды. По өзенінің бойымен 540 км-дей жерге дейін кеме жүзеді. Суы егін суаруға, электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Табиғи су жолдары мен қолдан қазылған каналдар арқылы Лаго-Маджоре, Комо, Гарда көлдерімен жалғасады. Өзен жағалауында Милан, Турин, Пьяченца, Феррара, Кремона, т.б. қалалар орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том