Психологиялық соғыс
Психологиялық соғыс- әр түрлі әдістермен адамдарды психологиялық "өңдеу" және саяси диверсия (саяси, әскери, экономикалық қоқан-лоқкы, әр түрлі арандату, қорқыту, шектен тыс жалған информация т.б.) жүргізу. Сенімсіздік туғызуға тырысқан елдер кез келген жолмен адамдардың көңіл-күйіне, көзқарасына, сезіміне барынша теріс әсер етуге тырысып бағады. Саяси және идеологиялық диверсияларды дайындау мен іске асыруға мемлекеттердің арнайы қызметтерінің белсенді катысуы, олардың үгіт-насихат орындарымен тығыз әрекеттестігі психологиялық соғысқа тән ерекшелік болып табылады.
Тарихи жағдайларға байланысты психологиялық соғыс әдістері өзгеріп отырады. Шындықты бұрмалау, ұлттық араздықты қоздыру, діни және басқа да ғұрыптарды өршіту жолымен іштен шалуға бағытталған Бұлдіру әрекеттерінің неғұрлым қара ниет әдістері қолданылады. Бұл мақсатта бұқаралық ақпарат құралдары, туризм, сауда, ғылым, мәдени және т.б. байланыстар түгел жұмылдырылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|