Раң (өсімдік)
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Раң | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Carex physodes M.Bieb., 1809 |
Раң (лат. Carex physodes) – қияқөлеңдер тұқымдасының қияқөлең туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жұмыр, биіктігі 10— 40 см, жапырағы таспа тәрізді. Гүлі дара жынысты, қос үйлі, масағы гүл шоғына топтанған. Сәуір — майда гүлдейді. Жемісі — бір тұқымды жаңғақ. Раң Орта Азия, Иран, Ауғанстанда таралған. ҚазақстандаҚызылорда, Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм, Түркістанда, Балқаш-Алакөл алқабында дала, далалық сортаң жерде, батпақты шабындықта, өзен, көл жағасында өседі. Раңнан дәрі алынады, ерте көктемде жақсы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том