Ресей өлкелері
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ресей Федерациясы 83 федералдық субъекттен тұрады, оның 9-ы өлкелер деп аталады:
- Алтай өлкесі (Барнауыл)
- Камчатка өлкесі (Петропавловск-Камчатский)
- Хабаровск өлкесі (Хабаровск)
- Краснодар өлкесі (Краснодар)
- Красноярск өлкесі (Красноярск)
- Пермь өлкесі (Пермь)
- Приморье өлкесі (Владивосток)
- Ставрополь өлкесі (Ставрополь)
- Забайкалье өлкесі (Чита)
Қазіргі уақытта өлке мен облыс арасында заң жүзінде еш айырмашылық жоқ. Кеңес Одағында (1977 ж. КСРО конституциясының 11 тармағына сәйкес) мұндай айырмашылық болды: Автономиялық облыс кеңестік республиканың немесе өлкенің құрамына кіре алатын болды, бірақ облыстың құрамына кіре алмайтын болды.