Рибосомалық РНҚ
Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) — рибосоманың негізін құрайтын макромолекула түрі.
Жасушадағы барлық РНҚ арасында рРНҚ ең салмақтысы болып келеді.[1] Ол рибосоманың жалпы массасындағы 65%-ға жуығын алады, қалғаны — рибосомалық ақуыз.[2]
Жасуша ядросындағы ДНҚ-дан генетикалық ақпарат аРНҚ-ға жазылған соң, аРНҚ цитоплазмаға шығарылып, рибосомамен байланысқа түседі. Сөйтіп генетикалық ақпарат рРНҚ-ға беріледі де, рибосомалар ақпаратқа сәйкес ақуыздарды синтездеуге кіріседі. Бұл трансляция арқылы жүзеге асады.
рРНҚ туралы мәлімет медицинада, кейбір антибиотиктерді жасауда қолданылады. Ондай дәрілер белгілі бір бактерияның рРНҚ-сының жұмысын тежеу арқылы аурудың таралуына кедергі орнатады.
Сондай-ақ молекулалық филогенетикада рРНҚ талдауы әртүрлі таксондардың туыстық деңгейін анықтауға көмектеседі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|