Сал ауруы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сал ауруы, паралич (грек. paralіgsіs — әлсіреу) — орталық не шеткі жүйке жүйесі қозғалыс орталығының зақымдануынан қимыл, қозғалыс органдары қызметінің толықтай жойылуы. Ал парез (грек. paresіs — әлсіреу) кезінде органдардың қимыл-қозғалысы толықтай жойылмайды, сондықтан бұл жағдайды жартылай салдану деп атайды. Толықтай және жартылай салдану организмде қан айналымының бұзылуынан, ми мен жұлынның қабынуынан не жарақатынан болса, оны орталық салдану; шеткі жүйке жүйесінің немесе жұлынның және шоғырланған жүйке талшықтарының (мойын, иық, бел-омыртқа, сегізкөз) қабынуынан, жарақатынан, улануынан болса, оны перифериялық салдану деп атайды. Бұл кезде бұлшық ет босаңсып, әлсізденеді, салданған қол-аяқты қозғалысқа келтіру мүмкін болмай қалады. Егер мұндай салдану сәбилік кезеңнен басталса (қ. Полиомиелит), онда баланың қолы не аяғы өспей қалуы мүмкін. Бас сүйек-ми жүйкелерінің зақымдануынан (қабыну, жарақаттану, миға қан құйылу) бет, тіл, өңеш, көмей бұлшық еттері С7 f-yf шалдығады. Қорқудан, шаршаудан пайда болған cал ауруынан науқас тез айығады. Егер жүйке тіндерінің өзгеруінен болса, ондай сырқаттан сауығу ұзаққа созылады. Ем невропатолог-дәрігердің бақылауымен сал ауруының түріне қарай қолданылады. Емі: электртерапия, психотерапия, емдік гимнастика, жылы ванна, массаж. [1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том