Сардина

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
thomb
thomb

Сардина — майшабақтар тұқымдасына жататын теңіз балықтарының екі туысының (Sardіna және Sardіnops) жалпы атауы. Әр туыста бір-бірден түр, олардың әрқайсысының бірнеше түр тармақтары бар. Солт. және Оңт. жартышардың жылы сулары (су температурасы 10 — 20°С-та) мен субтропик. жағаға жақын су айдындарында кездеседі. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Тұрқы 30 — 35 см (көбіне 15 — 20 см-дей), салм. 100 — 150 г. Сардинаның аналь қанаттарының соңғы екі талшығы қалақша сияқты ұзарған, құйрық қанатының түбінде екі ұзын “қанатша” қабыршағы және желбезек қақпағында радиалды жылғалар болады. 8 — 14 жылдай тіршілік етеді. 2 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Желтоқсан — маусым айларында 25 — 90 мыңдай уылдырығын судың терең қабатына шашады. Планктофагтар. Сардиналардың кәсіптік маңызы зор, еті өте дәмді. Сардинадан консерві жасалады.[1][2]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9