Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Сирендер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сирендер
Қазбалық ауқымы: Эоцен - Recent, 55.8–0 Ma
West Indian manatees (Trichechus manatus)
West Indian manatees (Trichechus manatus)
Ғылыми топтастыруы
Тұқкымдастары:

Дюгонтектестер
Trichechidae
Prorastomidae
Protosirenidae

Сирендер құрлыққа шықпайтын, өмір бойы суда тіршілік ететін сүт қоректілер. Систематикалық жағынан тұяқтыларға жақын, теңіз жағасында тіршілік етуге бейімделген тұяқтылардың бір бұтағы болып саналады.


Дене формасы киттерге ұқсас, бірақ мойыны денесінен айқын бөлінген. Тек қана ескек тәрізді алдыңғы аяғы болады, сол сияқты саусағынан тұяқтың қалдығын байқауға болады. Азу тістері — тұяқтылардың тістері сияқты тегіс болады. Сонымен қатар қарны да бірнеше бөлімнен тұрады. Сирендер теңіздердің жиектеріне жақын жерлерді мекендеп, одан өзендерге өтеді. Су астындағы өсімдіктермен қоректенеді. Топтанып тіршілік ететін организмдер.

Ламантин

Ламантиндардың (Маnаtіdае) — бірнеше түрлері Африканың батыс жағалауына, Оңтүстік Американың шығыс жағалауына, Антил аралдарына тараған.

Дюгон

Дюгондар (Наlісогіdае) — Үнді мұхитының жағалауында кездеседі. 1741 ж. орыс академигі Стеллер—Командор аралдарында сирендердің ірі бір түрінің барлығын анықтап, оны Стеллердің құрметіне — Стеллер сиыры (Rһуtіnа stеllеrі) деп атаған. Олар теңіз капусталарын жеп тіршілік етеді. Адамнан қашпайды. Стеллер анықтағаннан кейін, оларды кәсіпшілер аулап, құртып жіберген. Ең соңғысы 1768 жылы ұсталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]