Тейт Модерн
Тейт Модерн ағылш. Tate Modern | |
---|---|
Құрылған уақыты | 2000 |
Орналасқан жері | Ұлыбритания, Лондон |
Мұражай түрі | заманауи өнер |
Келушілер саны | 5 318 688 (2012)[1] |
www.tate.org.uk/modern | |
Ортаққордағы санаты: Тейт Модерн |
Тейт Модерн (ағылш. Tate Modern) немесе Тейт заманауи галереясы - Лондон орталығындағы халықаралық заманауи өнердің ұлттық галереясы, Тейт галереялар тобына кіреді. Бұрынғы электр стансаның орнына 2000 жылы салынды. Галереяда XX ғасырдың басынан бастап жасалған әлем өнерінің туындылар жинақтамасы орналасқан.
Тейт Модерн келушілер саны жағынан әлемдегі ең ірі заманауи өнер галереясы болып табылады,[2] 2009 жылы келушілер саны 4700000 адамнан асты.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі кезде Тейт Модерн галереясы орналасқан ғимаратта, бұрын Темза жағасындағы Бенксайд элект стансасы орналасқан еді. Бұл ғимараттың құрылысы екі кезеңге бөлініп 1947 жылы басталды, 1963 жылы ғимарат толығымен дайын болды. Құрылыс Баттерси элект стансасының, Ливерпуль соборының, Оксфорд және Кембридж университеттік кітапханаларының, Ватерлоо көпірінің және танымал британдық қызыл телефон күркесінің авторы — Джайлс Гилберт Скоттың жобасы бойынша салынды. Элект стансасы жабылғаннан кейін, ғимарат толық қайта құру жұмыстарынан өтті.
2013 жылы Herzog & de Meuron швейцариялық сәулет бюросының жобасы бойынша, галереяның жаңа корпусы салынды.
Галереяға қатысты фотосуреттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Тейт Модерн мұражайына қарай көрініс
-
Миллениум көпірінен Тейт Модерн мұражайына қарай көрініс
-
Жан Прувеның экспозициясы Тропикалық үй
-
Миллениум көпірінен Тейт Модерн мұражайына қарай көрініс
-
Рэйчел Уайтридтің Жағалау атты инсталациясы
-
TH.2058 атты инсталяциясы, Доминик Гонзалес-Ферстер
-
Демалыс аймағы
-
Жоғарғы қабатта орналасқан мейрамханадан Әулие Павел соборына қарай көрініс
-
Көрме залы
-
Тейт Модернде мүсінші Дэвид Смиттің қойылған жұмысы
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тейт Модерн мұражайының ресми сайты Мұрағатталған 25 наурыздың 2012 жылы.
- Тейт Модерн галереясының фотосуреттері (тұрақты экспозиция) Мұрағатталған 7 қазанның 2015 жылы. (орыс.)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Рейтинг ALVA-2012
- ↑ Visitor Figures 2013: Museum and exhibition attendance numbers compiled and analysed, The Art Newspaper, International Edition, Аперль 2014.