Ферғана
Қала | |
Ферғана | |
өзб. Farg‘ona, Фарғона | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
облыс орталығы |
Уәлаят | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
40°23′11″ с. е. 71°47′11″ ш. б. / 40.38639° с. е. 71.78639° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°23′11″ с. е. 71°47′11″ ш. б. / 40.38639° с. е. 71.78639° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1876 |
Бұрынғы атаулары |
Жаңа Маргилан (1876—1907) |
Қала статусы |
1876 |
Жер аумағы |
95,6 км² |
Орталығының биiктігі |
580 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
380 800 адам (2018) |
Тығыздығы |
2937 адам/км² |
Ұлттық құрамы | |
Конфессиялар |
мұсылмандар, православтар, протестанттар, католиктер, яһудилер |
Ресми тілі | |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+998 73 |
Пошта индекстері |
712000—712200, 150100 |
Автомобиль коды |
15 (1998—2008), |
Ферғана шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Ферғана |
Ферғана (өзб. Farg‘ona, Фарғона) — Өзбекстанның шығысында, Ферғана аңғарының оңтүстік бөлігінде орналасқан қала.
Ферғана шежіресін үш тарихи кезеңге бөлуге болады: революцияға дейінгі, кеңестік және қазіргі (тәуелсіздік дәуірі). Қаланың негізін салудың бастамашысы — орыс генералы, "Түркістанды бағындырушы" Михаил Дмитриевич Скобелев. Қала 1876 жылы құрылды; 1887 жылы 18 маусым оның жобасы бекітілді. Негізін қалаушы, алғашқы құрылысшысы — екінші әскери губернатор Александр Константинович Абрамов.
Жаңа қала атын таңдаумен Түркістан генерал-губернаторлығы канцеляриясы айналысты. Сол кездің өзінде «Ферғана» не «Ферғанск» деп атау жөнінде әрекеттер болған. Алайда екі жаққа да көнімді шешімге келіп, Жаңа Маргелан деп аталды.
1907 жылдың желтоқсанында М. Д. Скобелев өлімінің 25 жылдығына орай қала оның құрметіне Скобелев деген жаңа атауға ие болды. Ферғана облысының алғашқы губернаторы есімімен қала 1924 жылға дейін аталып келді, кейін Ферғана атауына ие болды.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ферғана Өзбекстанның шығысында, ел астанасы Ташкенттен шығысқа қарай шамамен 420 км, және Әндіжаннан оңтүстік-батысқа қарай 75 км қашықтықта орналасқан. Қалада 340 000-нан астам адам тұрады, осылайша ол Ферғана жазығындағы үшінші ірі қала болып саналады. Ферғананың территориясы — 95,6 км². Қала теңіз деңгейінен 580 метр биік орналасқан.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала бес ауданнан тұрады:
- Марказ (Орталық)
- Киргули
- Ойбек (Фрунзе)
- Яссавий (Калинин)
- Кадири (Ахунбабаев)
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2014 жылдың 1 қаңтарына сәйкес қала халқы саны 340,6 мың адамды құрайды.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ферғана климаты бүкіл жазықтыкі сияқты континенттік. Қысы жылы. Қаңтардағы орташа температура +0,2 °C-ты құрайды, абсолют минимум — −25,8 °C. Қар жамылғысы ұзақ емес. Жазы ыстық. Шілдедегі орташа температура — +27,4 °C, максимумы — +42,2 °C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 192 мм. Жауын-шашынның көп бөлігі қыста және көктемде түседі.
Көрнекті орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ахмад әл-Ферғани ескерткіші
- Ферғана облыстық өлкетану мұражайы
- Ескі қамал
- Облыстық театр (бұрынғы Губернатор үйі)
- Офицерлер үйі (бұрынғы Әскери жиналыс)
- ФерМУ-нің әкімшілік корпусы (бұрынғы ерлер гимназиясы)
- Ферғана орталық түрмесі (бұрынғы офицерлер ат қорасы)
- "Жоме Масжид" Ферғана мешіті
-
Храм
-
Шағын шіркеу (часовня)
-
Қала орталығындағы аллея
-
Қала орталығындағы аллея
-
Сай өзегі
Спорт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нефтчи" - 1962 жылы құрылған футбол клубы. Өзбекстан чемпионатының Жоғарғы лигасында ойнайды.
Бауырлас қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Йонъин, Оңтүстік Корея
- Новороссийск, Ресей
- Иваново, Ресей
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Цыряпкина Ю. Н. Русские в Узбекистане: языковые практики и самоидентификации (на примере полевых исследований в Фергане) // Томский журнал лингвистических и антропологических исследований. — 2015. — № 3 (9). — С. 22