Форс-мажор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Форс-мажор (фр. force majeure — еңсерілмейтін күш, дүлей күш) — төтенше және болмай қоймайтын жағдайлардың туындауы.

Шарт талаптарын орындамау салдарынан болатын осындай жағдайларда тараптардың бірі екіншісіне еріксіз зиян келтіреді. Сыртқы күштен болатын форс-мажор, заңды форс-мажор түрлеріне бөлінеді. Алғашқысына оқиғалардың объективті, абсолюттік сипатын — міндеттемелердің орындалуына кедергі жасайтын факторлардың әсерін жатқызуға болады. Олар зілзала, су тасқыны, т.б. Мұндай табиғат апаттары жауапкершіліктен босататын оқиға болып табылады. Заңды форс-мажорға жоғары мемлекеттік органдардың шешімдері (мысалы, экспорт пен импортқа тыйым салу, валюталық шектеулер), сондай-ақ революциялар, соғыстар, ереуілдер, т.б. жатады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6