Хамефиттер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Хамефиттер (гр. сһаmаі — жерде, phyton — өсімдік) — өсімдіктердің тіршілік нысаны. Хамефиттерге қайта түлеу бүршіктері топырақ бетіне жақын орналасқан (25 см-ден төмен) ұсақ бұталар, бұташықтар (итбүлдірген, қаражидек, көкбұта), тырбық суккуленттер, шөптер (төселмелі) жатады. Қайта түлеу бүршіктері қолайсыз факторлардың әсерінен жапырақ, қар (қыста) және төсеніш арқылы қорғалады. Хамефиттер тундрада, биік таулы аймақтарда және қуаңшылық аудандарда жиі кездеседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5