Цистит
Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. Ол қуықтың қабырғасында (көбіне кілегейлі қабықшасында) өтетін инфекциялық-қабыну процессі - жиі кездесетін урологиялық полиэтиологиялық ауру. Циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады.
Әдетте ауру микроорганизмдерден туындайды (бактериялық цистит), бірақ ол патогенді микрофлораның қатысуынсыз дами алады (аллергиялық, уытты).
Негізінен цистит қуыққа микроорганизмдердің енуіне байланысты пайда болады. 80-95% жағдайда бұл зәр шығару мүшелерінің жанында орналасқан тік ішекте тұратын ішек таяқшасы. Көбінесе гигиеналық ережелерді елемеу мен дұрыс жууға байланысты бактериялар уретраға енеді. Қабынуды басқа микробтар да тудырады - стафилококктар мен энтерококктар, жыныс мүшелерінің инфекцияларының қоздырғыштары - хламидиоз, трихомонас, [(Candida саңырауқұлақтары]], герпес вирусы.
Аурудың қоздырушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. циститтің екі түрі ажыратылады: жедел және созылмалы.
Белгілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Белгілері: Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады, зәр сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөз сыздап ауырады. Зәрге қан араласқаннан лайланып, қоюланады. Науқастың дене температурасы көтерілмейді. Несепті талдаудан өткізгенде, оның құрамынан лейкоцит,эротрицит және белоктың, тіпті бактериялардың бар екені анықталады. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігі, простатит, уретрит, т.б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да көп әсері бар.
Eмделу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Емі: режим және диета сақтау (рацион)нан консерві, ащы соустар, әр түрлі дәмдік қоспалар, ішімдік түрлерін шығару), жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді (жылы сүт қосылған шәй, минералды су) ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуіне күш салу керек. Науқас осының бәрін орындаса, аурудан жазылып кетеді.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |