Шалғын қоңырбасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шалғын қоңырбасы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Pooideae
Тайпасы: Poeae
Тегі: Poa
Түрі: P. pratensis
Екі-есімді атауы
Poa pratensis
L.

Шалғын қоңырбасы (лат. Poa pratensis) – астық тұқымдасының қоңырбас туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Қазақстанда өсетін осы тұқымдасқа кіретін 40 түрдің ішіндегі ең кең таралғаны. Бұл көпжылдық өсімдік, өрмелегіш, ұзын тамыр мен босаң түп түзеді. Ол Қазақстанның территориясындағы барлық шабындық, қалың бұталы, жазықтық және таулы жерлерінде кездеседі. Сабағы 90 см-ге дейін биік, тегіс таспа тәрізді жапырақтары және 3-4 шашақты бұтақшалары гүлшоғырына жиналған. Шашақтары ұсақ, жасыл немес сиякөк, әрқайсысы 3-5 гүлден тұрады. Мамырдан (жазықта), шілдеге дейін (тауда) гүлдейді. Шалғын қоңырбасы бағалы мал азығы болып есептеледі. Мал жайылып кеткен соң қаулап өседі. Кейбір елдерде дақыл түрінде мал азығы үшін және безендіру мақсатында өсіріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.