Шағыртікен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шағыртікен
Тікенді шағыртікен
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Carduoideae
Тайпасы: Cynareae
Тегі: Onopordum
Vaill. ex L.
Үлгілік түрі
Onopordum acanthium
түрлері

25-60 түрі белгілі

Синонимдері
  • Acanos Adans.
  • Acanthium Heist. ex Fabr.

Шағыртікен, татыр шөп (лат. Onopordum) – астралылар тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда тыңайған және құмды жерлерде, ашық сайларда, тау шатқалдарының төменгі беткейлерінде арамшөп ретінде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні — тікенекті шағыртікен (О. acanthіum). Биіктігі 30 — 120 см. Сабақтары мен жапырақтары жұмсақ, түкті немесе тықыр, жоғары жағы қанат сияқты. Жапырақтарының ұзындығы 10 — 30 (35) см, ені 5 — 15 мм, қалақша тәрізді тілімделген, шеттері қатты тікенекті келеді. Күлтелері күлгін кейде қызғылт күлгін түсті, жуан аналық мойны күлтеден жоғары көрініп тұрады. Гүлдері түтік тәрізді болады, олар себет гүлшоғырына топталған. Маусымтамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымшалары сопақша келген, ақшыл сұр немесе ақшыл қоңыр түсті, желайдары сарғыш түсті, тұқымшадан екі есе ұзын. Шағыртікен— шірнелі дәрілік өсімдік. Тұқымы майлы. Кейде әсемдік үшін де өсіреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім