Шылаң

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шылаң
Сабақты шылаң
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Alismatales
Тұқымдасы: Potamogetonaceae
Тегі: Potamogeton
Карл Линней
түрлері

80–100 түрі белгілі

Шылаң (лат. Potamogeton) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық су өсімдіктері. Жер шарында кең тараған, 100-ге жуық түрі белгілі.


Қазақстанның барлық су айдындарында (тұрып қалған суларда, ағысы баяу тұщы суларда немесе тұзды суларда) кездесетін 21 түрі бар. Бұлардың көпшілігі су астында, 2,5 – 3 м тереңдікте тоғай құрып өседі, кейде жоғары жапырақтары су бетінде қалқып жүреді. Гүлдері ұсақ, қос жынысты, масақ гүлшоғырына топталған, негізінен су астында дамиды; протогиниялы (гүл аналықтары аталықтарынан бұрын пісіп жетіледі). Көбінесе желмен, кейбір түрлері сумен тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі жаңғақша немесе сүйекше тәрізді. Шылаңдардың барлық түрі – тұщы су флорасының негізгі құраушылары. Су түбіндегі шылаңдар түзген тоғайларға көптеген балық түрлері уылдырығын шашып, майшабақтары тіршілік етеді. Кейбір түрлері ондатрдың, кәмшаттың және су құстарының қорегі болып табылады. Кейде шылаңдардың ну тоғайы кеме қатынасына кедергі жасайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]