Этихад Стэдиум
Этихад | |
Орналасуы | |
---|---|
Салынған | |
Ашылған | |
Құрылыс құны |
£112 млн. |
Сәулетші |
Arup Group |
Сыйымдылығы |
55 097 |
Команда | |
Алаңның өлшемі |
105×68 м |
Алаң беті |
шөп |
Сайты | |
| |
Этихад Стэдиум (ағылш. Etihad Stadium) — Манчестер қаласындағы Сити оф Манчестер ойын алаңының екінші аты болып есептеледі. Бұл стадионға 55 000-нан аса көрермен сияды. Англия Премьер-Лигасының ойын алаңдары жағынан, сыйымдылығы бойынша төртінші орынды алады. «Манчестер Сити» клубының ойын алаңы.
Бұл стадионның салынуына, Премьер-министр Тони Блэрдің өзі келіп ат салысты. Стадион 2000 жылдың қаңтарынан бастап салынып бастады. 2003 жылы 10 тамызда, ресми футбол алаңы ретінде ашылған болатын.
«Манчестер Сити» клубы, бұл стадионмен, бүкіл құқығымен, 250 жылға келісім-шартқа отырды. 2011 жылы шілдеде, басты демеушілері Etihad Airways ойын алаңының аты «Этихад» деп өзгертті.
2014 жылдың қаңтарында, 61 000 көрермендікке ауыстыруға жөндеулер жүргізіліп бастады.[1] Жөндеулер аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы әлемдік регби жарысын өткізуге болатын ойын алаңдардың қатарына кірді.
Өткізілген ойындар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2002 жылы Достық Ойыны өткізілді.
2004 жылдың 1 маусымы, бұл ойын алаңында Япония мен Англия құрамалары арасында достық кездесу өтті.
2005 жылы Англиядағы әйелдер арасындағы чемпионат өткізілді. Бұл алаңда тек Англия — Финляндия арасындағы ғана ойын өткізілді.
2006 жылдың 4 қазанында 2007/08 маусымындағы УЕФА Кубогының финалы өткізіледі деп шешілді. 2008 жылдың 14 мамырында, бұл алаңда, УЕФА Кубогының тарихындағы 50-інші финалдық ойыны өткізілді. Бұл финалдық ойында ресейлік «Зенит» пен шотландтық «Рейнджерс» кездескен болатын.
2015 жылдың жазында ойын трибуналарына 8 000 орын қосылды.
Сонымен қатар, 2015 жылы регби ойынынан әлемдік жарысы өткізілді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — спорт құрылысы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |