Этнопсихология
Этнопсихология (этнос және психология) — әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық ғылым. Этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б.) сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғ. ортасында Ресейде, кейінірек Батыс Еуропада (Лазарус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды. Қазақ елінде бұл мәселемен Шоқан Уәлиханов т.б. айналысты. Оның еңбектерінде "халық рутаг' дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны "халықтық психология" ұғымының синонимі деуге болады. Этнопсихологияның зерттейтін сан алуан мәселелері (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт және т.б.) бар. Этнопсихология міндеттері: әртүрлі халықтар мен мәдениеттер өкілдерінің психикалық ерекшеліктерін, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық арақатынас ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық мінез мәселелерін, ұлттық өздік санамен этникалық стереотиптердің міндеттері мен қалыптасу заңдылықтарын, ұлттық қоғамдастықтар мен қоғамның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |