Юкон
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Юкон (Yukon; үндістерше – үлкен өзен) – Канада мен АҚШ (Аляска) жеріндегі өзен. Ұзындығы 3700 км, алабының аумағы 855 мың км². Кордильерадан басталып, жоғарғы ағысы Юкон таулы үстіртінің терең тау аңғарымен өтіп, көпшілік бөлігі Аляска жазығы арқылы ағып, Беринг теңізінің Нортон шығанағына құяды. Ірі салалары – Танана (сол), Пелли, Поркьюпайн, Коюкук (оң). Суының орташа ағымы 6,5 мың м3/с. Негізінен қар суымен толығады. Су тасу маусымында (мамыр – маусым) деңгейі 15 – 20 м-ге көтеріледі. Қазан – қараша айларынан сәуір – мамыр айларына дейін қатады. Мамыр – қыркүйекте сағасынан 3200 шақырымға дейін кеме жүзеді. Теңіз толысуы өзен бойымен 160 шақырымға дейін таралады. Ірі қалалары: Танана (АҚШ), Уайтхорс, Доусон (Канада). [1]
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |