Қабыршөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қабыршөп
кіші қабыршөп
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Gentianales
Тұқымдасы: Apocynaceae
Кіші тұқымдасы: Rauvolfioideae
Тегі: Vinca
Карл Линней 1753
түрлері

6 түрі белгілі

Қабыршөп (лат. Vinca) – кендірлер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.


Негізінен Жерорта тeңізі жағалауларында кездесетін 12 түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты және қиыршықтасты беткейлеріндегі бұталар арасында өсетін 2 түрі (кіші Қабыршөп, түзу Қабыршөп) бар. Соның ішінде жиі кездесетіні – кіші Қабыршөп (V. mіnor). Оның биікт. 25 – 30 см, сабағы жалаңаш, бұтақтанған. Гүлдейтін бұтақтары түзу өседі. Жапырақтары эллипс тәрізді (ұзындығы 3 – 5 см, ені 1,5 – 2,5 см), үшкір, қысқа сағақты. Тостағанша жапырақшалары терең бес бөлікке бөлінген, күлтелері түтік тәрізді, ортаңғы бөлігі аздап кеңейіп келеді, бес қалақты, көк түсті. Дара гүлдері жапырақ қолтығынан шығады. Мамыр айында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – бүйіріндегі тігісінен ашылатын қос жапырақша. Тұқымдарының айдаршасы болмайды. Кіші Қабыршөп гүлі әдемі болғандықтан негізінен бақтарда, парктерде мәдени түрде өсіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энцклопедиясы