Қазақстан туы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан Республикасының туы
Мемлекет

Қазақстан

Қабылданған

9 маусым 1992

Қолдануы

Пропорция

1:2

Авторлығы
Ту авторы

Шәкен Ниязбеков

Қолдануы

Пропорция

1:2

Алдыңғы тулары

Қолдануы

Пропорция

1:2

Ортаққордың логотипі Ортаққордағы медиафайлдар

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туыҚазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақстан туы концерттік қойылымда

Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi [1].

Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. [2]

Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларындағы оның бейнесінің ежелгі дәстүрі бар. Символика тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді. Дала адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылушылықтың белгісі. Бұған қоса, қыранның күш-қуаты көп, ол оның болашаққа жетуіне кедергі келтірген кез келген дұшпанына қарсы тұра алады. Қыран бейнесі жас зайырлы Қазақстанның әлемдік өркениеттің шыңына шығуға талпынысы идеясынан туындаған. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген.

Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекетті туды пайдалану

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы келесі жағдайларда міндетті түрде пайдаланылуы тиіс:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):
    • Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;
    • Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;
    • Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;
    • мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;
    • егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;
    • ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында;
    • Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде - белгiленген тәртiппен;
    • Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес;
    • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде;
    • мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;
    • жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;
    • Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде.
    • Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
    • Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.
    • Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін.
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс.
    • Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.
    • Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс.

Мемлекетті тудың бейнесін пайдалану

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының бейнесi міндетті түрде:

    • Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен;
    • Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады.
    • Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.

Мемлекеттiк Тудың бейнесiн қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.

    • Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
    • Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi.

Мемлекетті туды дайындау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді.

Тарихи байрақтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  2. [Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы http://www.egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/library2/kr/gossimvolika/article/newflag&lang=kk Мұрағатталған 9 наурыздың 2016 жылы.]