Қазақстан әуежайлары тізімі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қазақстан әуежайларының ішіндегі ең ірісі Алматы әуежайы болып саналады. Әуежай өзінің тарихын 1935 жылдан бері жүргізіп келеді, ал 2012 жылы ТМД-дағы ең үздік деп танылды. Бұл әуежай жылына төрт миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.

Қазақстан әуежайларынан ішкі авиатасымалдар саны бойынша екінші орынды Астанадағы елордалық авиатасымалдар алады. Бүгінгі таңда әуежай жаңартылды және әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға қабілетті. 2012 жылы Астана әуежайы екі миллионнан астам туристке, оның ішінде жақын және алыс шетелдерден келген туристерге қызмет көрсетті.

Қазақстанның ірі әуежайлары ғана емес, мемлекет азырақ әуежайларға да назар аударады. Осылайша, 2011 жылы жүргізілген жаңғыртудың арқасында Ақтау әуежайы ТМД-ның ең үздік әуежайы болды, ол 2009 жылы "ТМД елдерінің перспективалы дамып келе жатқан әуежайы" атағына ие болды. Атырау әуежайы да қайта жаңартылуда, ұшу-қону жолақтарын кеңейту, сондай-ақ жаңа жарық-техникалық жүйені орнату жоспарланған.

Қазақстанның негізгі әуежайларының тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақстанның негізгі әуежайларының тізімі
Атауы Қала Теңіз деңгейінен биіктігі (м) Негізгі ҰҚЖ ұзындығы (м) Әуе кемесінің максималды ұшу салмағы (т) Ашылған жылы
Ақтау Ақтау +22 3050 270 1983 жыл
Әлия Молдағұлова Ақтөбе +225 3200 170 1933 жыл
Алматы Алматы +681 4500 350 1935 жыл
Арқалық Арқалық +388 2500 62 ?
Нұрсұлтан Назарбаев Астана +354 3500 б/о 1931 жыл
Хиуаз Доспанова Атырау −22 3000 100 1931 жыл
Аягөз Аягөз +654 2500 ? ?
Балқаш Балқаш +440 2500 ? 1933 жыл
Юбилейный Байқоңыр +100 4500 392 1981 жыл
Крайний Байқоңыр +100 3100 190 1964 жыл
Жезқазған Жезқазған +381 2600 ? 1949 жыл
Сарыарқа Қарағанды +538 3600 б/о 1934 жыл
Қорқыт Ата Қызылорда +132 2700 190 1987 жыл
Көкшетау Көкшетау +263 2850 171 1945 жыл
Ахмет Байтұрсынов Қостанай +181 2500 140 1970 жыл
Павлодар Павлодар +125 2500 100 1970 жыл
Петропавл Петропавл +138 2802 190 1935 жыл
Камбала Приозёрск +401 2950 ? ?
Абай Құнанбаев Семей +234 3100 ? 1929 жыл
Талдықорған Талдықорған +591 2500 87 1946 жыл
Әулие-Ата Тараз +664 3500 ? 1945 жыл
Әзірет Сұлтан Түркістан +301 3300 ? 2020 жыл
Мәншүк Мәметова Орал +38 2400 98 ?
Өскемен Өскемен +286 2500 ? ?
Шымкент Шымкент +421 3300 ? 1933 жыл
Екібастұз Екібастұз +238 2500 ? ?

Қазақстанның өңірлік әуежайларының тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақстанның өңірлік әуежайларының тізімі
Атауы Облыс Теңіз деңгейінен биіктігі (м) Негізгі ҰҚЖ ұзындығы (м)
Бозой Ақтөбе облысы
Ырғыз
Карась
Кеңқияқ +200 1800
Шалқар +154 1770
Боралдай Алматы облысы +710 1460
Үшарал 2200
Теңіз Атырау облысы -24 1200
Аягөз Абай облысы
Зайсан Шығыс Қазақстан облысы +572 1500
Жәйрем Қарағанды облысы +400 1700
Жосалы
Бейнеу Маңғыстау облысы +15 1750
Баутин
Бозащы −25 2300
Құрық 40 1275
Жаңаөзен +215 1500
Форт-Шевченко +136 2750
Түркістан Оңтүстік Қазақстан облысы +247 1800

Ескерту: Ақтау, Балқаш, Қарағанды, Нұрсұлтан Назарбаев, Тараз, Талдықорған, Шымкент, Боралдай әуежайларын әскери авиация — Қазақстан Республикасының әуе қорғанысы күштері де пайдаланады.