Қарабас шағала

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қарабас шағала

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Табы: Aves
Сабы: Татреңтәрізділер
Тұқымдасы: Шағалалар тұқымдасы
Тегі: Ichthyaetus
Түрі: Қарабас шағала
Екі-есімді атауы
Ichthyaetus melanocephalus
(Temminck, 1820)
Синонимдері

Larus melanocephalus

Ichthyaetus melanocephalus

Қарабас шағала (лат. Larus melanocephalus) - Татреңтәрізділер отрядына жататын Шағалалар тұқымдасының құсы, көл шағалаға ұқсас орташа денелі (қанатының алымы - 1 метрге жуық) шағала. Көл шағаладан айырмашылығы қарабас шағаланың басы қошқыл қоңыр емес, көмірдей қара, одан басқа ересек жасануында қанат жиегінде қара жолақ болмайды.

Мекен ортасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл құс Жерорта теңізі, Азия және Қара теңіздердің жағалауларында қоныстанады. Қазақстанда тек қана Солтүстік Каспий маңындағы Еділ және Жайық өзен аралына, сондай-ақ Маңғышлақ түбегіне ұшып келгені мәлім.

Қарабас шағаланың әр түрлі үлескілерге таралу аймағында бірсыпыра айырмашылықтар болғандықтан, ғалымдар арасында оны жүйелеуде көптеген пікірлер туындады. Мамандар соңғы онжылдықта Солтүстік полюс айналасында таралған түрлі бірқатар дұрыс ажыратылмаған түрлерді бөлшектеп бөлді. Сондықтан XIX және XX ғасырларда біздің республика сипатталған құсты, қазір қарабасшағала деп атайды[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Butchart, S.; Symes, A. (2015). "Larus melanocephalus". IUCN Red List of Threatened Species (IUCN) 2015: e.T22694443A85050054. http://www.iucnredlist.org/details/22694443/0. Retrieved 28 April 2016. 
  2. Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра