Құлағу хан
Құлағу | |
---|---|
Хан | |
Хұлағу және Докуз-қатын | |
Билеген | 1256 - 1265 |
Өмірден озды | 8 ақпан 1265 ж. |
Buried | Шахи, Ұрмия көлі |
Consort | Доқыз-қатын |
Father | Толы |
Mother | Сорқақтан |
Religious beliefs | тибет буддизмі[1] |
Құлағу, Құлағу-хан у-хан (1217 — 8.2.1265, Мәраға, Иран) — Шыңғыс ханның Төледен туған немересі,Құлағу мемлекетінің және оны билеген әулеттің негізін қалаушы (1256 — 65). Шешесі Сорқақтан-бике керейіт Тоғорыл ханның інісі Жақамбының (Гіредей) қызы. Өзі де Тоғорылдың немере қызына үйленген. Балалық және жастық шағын әскери жорықтарда өткізді. 1251 ж. Ұлы құрылтайдың шешіміне сай Құлағу Ираннан батыстағы жерлерді: Иракты, Сирияны, Палестинаны, Мысырды, Рум мен Арменияны бағындыруға тапсырма алып, жорыққа дайындала бастады. 1254 ж. жазда Жетісу, Түркістан арқылы Самарқандқа жеткен ол 1256 ж. Аламұттың соңғы билеушісі Рүкнеддін Хүршахты тізе бүктірді. 1258 ж. ақпанда Бағдадты бағындырып, Аббас әулетін жойды. Бірақ 1260 ж. Құлағудың Кетбұға басқарған әскері Сирияда Берке хан билеген Алтын Ордамен одақтасқан Египет мәмлүктерінен жеңілді. 1262 ж. Мысыр сұлтаны Бейбарыспен аса тығыз дипломатиялық байланыс орнатқан Алтын Ордамен соғысты. Мысыр мәмлүктері және Алтын Орда арасындағы одаққа қарсы Құлағу Византиямен, крестшілермен күш біріктіруге тырысты. Сөз жүзінде ол Қарақорымдағы Ұлы ханға бағынып, одан 1256 ж. Елхан атағын алғанымен, іс жүзінде өз иелігін дербес басқарды. Құлағу тәңіршілдік дінін ұстанды, бірақ басқа діндерге ешқандай қысым көрсетпей, төзімділікпен қарады. Ғылым мен өнерді өркендетуге көп көңіл бөлді, Мәраға қаласында обсерватория салдырды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Б.У. Китинов. Эмир Ноуруз и распространение ислама у ойратов в Персии.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |