Құмыты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құмыты
A female biting midge, Culicoides sonorensis
A female biting midge, Culicoides sonorensis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Arthropoda
Табы: Insecta
Сабы: Diptera
Кіші сабы: Nematocera
Ықшам сабы: Culicomorpha
Ұлы тұқымдасы: Chironomoidea
Тұқымдасы: Ceratopogonidae
Subfamilies

Forcipomyiinae
Dasyheleinae
Ceratopogoninae
Leptoconopinae

Құмыты (лат. Ceratopogonіdae) — қосқанаттылар отрядының ұзынмұрттылар отряд тармагынын тұқымдасы, қансорғыш жәндіктер. Жер шарында 4 мыңнан астам, ал Қазақстанда 71 түрі белгілі. Інде, үй қа-бырғасында, мал қорада мекендейді. 50—100 жұмыртқа салады, 45—60 күн-де жұмыртқадан ересек насеком шығады.

Денесі бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене тұрқы 1 — 4 мм, денесінің арқа жағы көтеріңкі, тұмсығы ұзын, қабыршақ жапқан қанаттарында дақтар болады. Құмытылардың омыртқалы жануарлар қанымен, жәндіктердің гемолимфасымен және өсімдік сөлімен қоректенетін түрлері де бар. Аталықтары мен аналықтары ауада ұшып жүріп шағылысады. Ұрықтанған аналықтары жұмыртқа салу үшін адамның және жануарлардың қанымен, ал аталықтары тек өсімдіктердің сөлімен қоректенеді. Аналықтары жетілген жұмыртқаларын суға, ылғалды топыраққа, құмға, т.б. жерлерге салады. Олардың жаз айларында даму мерзімі жеке түрлердің өзгешеліктеріне байланысты 30 — 60 күнге дейін созылады. Құмытылардың жұмыртқалары мен дернәсілдері қыста қыстап шығады, олардың даму мерзімі ұзарады. Сілекейі улы, шаққан жері ісіп, қышиды. Құмытылар үй жануарларындағы вирус қоздыратын ауруларды (жылқының африкалық обасы, қойлардың жұқпалы қызба ауруы — блутан, т.б.), маймылдар мен үй құстарындағы гемоспоридиоз ауруларын таратады.

Құмыты шіркей қызба, лейшманиоз ауру-ларын таратады. Күрес шаралары: кемірушілердің індерін жою, ДДТ, гексохлоран шашу.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ ұлттық энциклопедиясы