Ұлт-құру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дүниежүзілік І соғыстағы ту ұстаған одақтастар бейнесі, (1916 жылғы ашықхат)

Ұлт-құру (ағылш. nation-building, кейде: Ұлт құру) — мемлекет күшін пайдалана отырып, ұлттық идентитиді құру, немесе құрылымдау.[1][2] Ұлт-құру ұзақ мерзімді перспективадағы саяси тұрақтылық және өміршеңдік үшін мемлекет халқын мемлекет ішінде біріктіруді көздейді. Харрис Майлонастың пікірінше, "Қазіргі ұлттық мемлекеттердегі заңды авторитет халықтық билікке, көпшілікке байланысты. Ұлт-құру - осы көпшіліктің құрылу процесі"[3]

Ұлт-құру ұлттық идентити қалыптастыру болып, бұл идентити мемлекетпен бәсекелесе алатын және мемлекеттің кең ауқымда ішкі-сыртқы істе сәйкесуіне кедергі болатын жергілікті идентитилерге (өзімшілдік, жершілдік, рушылдық, тб.) әсіресе адалдықтан асып түсуді көзедейді.

Nation-building involves the creation of a national identity that supersedes local identities and loyalties that might compete with and preclude broader identification with the state.

Ұлт-құрушы субъекті дегеніміз әскерге шақыру, ұлттық жалпыға бірдей оқыту секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұлттық қауымдастықты дамыту бастамасын көтеретін мемлекет мүшелері, немесе ұйымдары.[4][5][6] Ұлт-құру мемлекет үгіт-насихат құралдарын пайдаланып, базалық инфрақұрылымдарды дамытып, ынталандыру саясатын пайдаланып қоғамдық келісім мен экономикалық өсімді қамтамасыздандырады. Колумбия университетінің әлеуметтанушысы Андреас Уиммердің пікірінше, ұзақ мерзімдегі ұлт-құрудың табыстылығын үш фактор белгілейді: "азаматтық қоғам ұйымдарының ертерек дамуы, қоғамдық игіліктерді тұтас мемлекеттік аумақта біркелкі қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттің өркендеуі, және үшіншісі ортақ коммуникация дәнекерінің пайда болуы».[7][8][9]

"Германия болашағы". Жазудың мағынасы: «Ол бір қалпақ астына сыйя ма? Менің ойымша, ол найзамен дулыға астына кіргізіледі!». Австрияның «Кикерики» сатиралық газетіндегі карикатура, 1870 ж. "Бізді іштей мәңгі оқшаулайтын қорғанмен байқатпай шектейтін қабырғаларды бұзу - біздің міндетіміз."

Осызаман әлемінде ұлт-құру деп жаңадан тәуелсіздік алған ұлттар өз ұлттық үкіметінің сенімді институттарын құруын айтамыз: оқыту, әскери қорғаныс, сайлау, жер кадастры, импорттық кеден, сыртқы сауда, сыртқы дипломатия, банк жүйесі, қаржы, салық, компанияны тіркеу, полиция, заң, сот, денсаулық сақтау, азаматтық, азаматтық құқықтар мен бостандықтар, неке тіркеуі, тууды тіркеу, иммиграция, көлік инфрақұрылымы және/немесе қала басқару жарғылары, тб. Ұлт-құру сондай-ақ Африка, немесе Балқан түбегіндегідей отаршыл державалар, немесе империялар құрған этникалық, діни немесе басқа шекараларға қарамастан, халықтар мен олардың территорияларын қайта анықтауды да қамтуы мүмкін.[10] [11] Бұл реформаланған мемлекеттер содан былайғы уақытта өміршең дамуға және үйлесімді ұлттық идентитиге ие болады.[12]

Ұлт-құру сондай-ақ мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран, ұлттық мереке, ұлттық стадион, ұлттық авиакомпания, ұлттық тіл және ұлттық мифтер сияқты ұлттық нышандар (national paraphernalia) қалыптастыруды да қамтиды.[13][14] Тереңірек қарағанда, ұлттық идентити әртүрлі этникалық топтарды азаматтық ұлтқа айналдыру арқылы мақсатты түрде жасалуы мүмкін, әсіресе көптеген жаңадан құрылған мемлекеттерде отаршылдардың бөлшектеп басқару саясаты этникалық жағынан әртекті (heterogeneous) тұрғындарды қалыптастырды.[15]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Karl Wolfgang Deutsch, William J. Folt, eds, Nation Building in Comparative Contexts, New York, Atherton, 1966.
  2. Mylonas, Harris (2017),"Nation-building," Oxford Bibliographies in International Relations. Ed. Patrick James. New York: Oxford University Press.
  3. Mylonas Harris The Politics of Nation-Building: Making Co-Nationals, Refugees, and Minorities — New York: Cambridge University Press, 2012. — P. 17. — ISBN 978-1107661998.
  4. Keith Darden and Harris Mylonas. 2016. "Threats to Territorial Integrity, National Mass Schooling, and Linguistic Commonality," Comparative Political Studies, Vol. 49, No. 11: 1446-1479.
  5. Keith Darden and Anna Grzymala-Busse. 2006. "The Great Divide: Literacy, Nationalism, and the Communist Collapse." World Politics, Volume 59 (October): 83-115.
  6. Barry Posen. 1993. "Nationalism, the Mass Army and Military Power," International Security, 18(2): 80-124.
  7. Wimmer, Andreas (2018). "Nation Building: Why Some Countries Come Together While Others Fall Apart" (in en). Survival 60 (4): 151–164. doi:10.1080/00396338.2018.1495442. ISSN 0039-6338. 
  8. Wimmer Andreas Nation Building — Princeton University Press. — ISBN 978-1-4008-8889-4.
  9. Mylonas, Harris; Tudor, Maya (11 May 2021). "Nationalism: What We Know and What We Still Need to Know". Annual Review of Political Science 24 (1): 109–132. doi:10.1146/annurev-polisci-041719-101841. 
  10. The Politics of Nation-Building: Making Co-Nationals, Refugees, and Minorities — Cambridge: Cambridge University Press. — P. xx. — ISBN 9781107020450.
  11. Deutsch Karl W. Nation building in comparative contexts — New paperback print.. — New Brunswick [N.J.]: AldineTransaction, 2010. — ISBN 9780202363561.
  12. Connor, Walker (18 July 2011). "Nation-Building or Nation-Destroying?". World Politics 24 (3): 319–355. doi:10.2307/2009753. JSTOR 2009753. 
  13. Nation-building: a key concept for peaceful conflict transformation? — London: Pluto, 2005. — ISBN 978-0745323367.
  14. Smith, Anthony. 1986. "State-Making and Nation-Building" in John Hall (ed.), States in History. Oxford: Basil Blackwell, 228–263.
  15. Harris Mylonas. 2010. "Assimilation and its Alternatives: Caveats in the Study of Nation-Building Policies", In Rethinking Violence: States and Non-State Actors in Conflict, eds. Adria Lawrence and Erica Chenoweth. BCSIA Studies in International Security, MIT Press.