Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Ұран

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Ұран (аспап) деген бетті қараңыз.
Қазақ руларының таңбасы мен рулары

Ұран — халықты, кейде жеке адамдарды да жеңіске, ерлікке шақыратын айбарлы сөз. Ол ежелгі халықтардың рулық, тайпалық құрылыс жағдайына байланысты пайда болған. Жауға қарсы аттанғанда руластарды жігерлендіріп, олардың рухын көтеру үшін ұран шақыру халықтардың бәрінде де болған. Екі палуан күрескенде де, бәйгеге ат қосқанда да ұран шақырылған. Әмір Темірдің, Тоқтамыстың жорықтарын баяндайтын шығармаларда “сүрен салу” деген бар. Ол да ұранмен мәндес. Халықтың немесе рудың, тайпаның ұраны аса құрмет тұтатын ата-бабаның, асыл ананың немесе сол халық табынатын табиғи күштің атынан шығады. Ұран көшпелі түркі-моңғол халықтарында көп тараған.

Қазақ жүздерінің, руларының, тайпаларының бәрінің де өз ұрандары бар және олар әр түрлі. Мысалы, албанның ұраны — Райымбек, суанның ұраны — Байсуан, арғынның ортақ ұраны — Ақжол, Найманда — Қаптағай,Аққожа ,қыпшақта — Ойбас, Ұлы жүздеБақтияр, Кіші жүз адайдаБекет, беріште — Ағатай, тамадаҚарабура, т.с.с. Іргелі рулардан тұратын тайпалардың ұрандары да бөлек болады. Мысалы, Найман Қаракерей ұраны — Қабанбай, арғыннан тарайтын сүйіндік ұраны — Жолбике, жалайырдың андас руының ұраны — Балпық. Найман ішінде Матай руының ұраны-Бөрібай,Арғын ішінде қаракесек руының ұраны — Қарқабат, бұл — оның анасының есімі. ІI-дүниежүзілік соғыста Кеңес жауынгерлері жауға “Отан үшін!” деген ұранмен шабуылға шықты.