Әли Мүсілімұлы Мүсілімов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әли Мүсілімов
Туған күні

19 мамыр 1941 (1941-05-19)

Туған жері

Қызылорда облысы
Сырдария ауданы

Қайтыс болған күні

15 мамыр 2004 (2004-05-15) (62 жас)

Қайтыс болған жері

Қызылорда

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Ғылыми аясы

педагогика

Жұмыс орны

Қызылорда облыстық білім басқармасының бастығы (1983 - 2001)

Ғылыми дәрежесі

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Педагогика ғылымдары академиясының академигі

Альма-матер

Қызылорда мемлекеттік университеті

Марапаттары


Еңбек Қызыл Туы ордені Құрмет Белгісі ордені
Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызыметкері

Әли Мүсілімұлы Мүсілімов (19 мамыр, 1941 жыл, Қызылорда облысы Сырдария ауданы15 мамыр, 2004 жыл, Қызылорда қаласы) — педагог ғалым. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 ж.). Педагогика ғылымдарының докторы (2004 ж.), профессор, академик. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. КСРО және Қазақ КСРнің Халық ағарту ісінің үздігі. Қызылорда облысының құрметті азаматы.

Ғылыми шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әли Мүсілімұлы заман талабына сай, жаңашыл, өзіне де, әріптестеріне де қатаң талап қоя білетін, адамгершілігі жоғары принципшіл жан еді. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Облыстық әкімият мүшесі, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Бірнеше мәрте облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Бүкілодақтық және республикалық мұғалімдер съезінің делегаты болып, мазмұнды баяндамалар жасады. 1995 жылы Анкарада өткен білім саласы қызметкерлерінің халықаралық съезіне қатысты.
  • Оның қаламынан 8 монография, 12 оқу құралы және 140-тан астам ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді. Ол еңбектері әлі күнге маңызын жойған жоқ, оқыту үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Сондай-ақ, ол Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі. Ағарту саласындағы ұзақ жылғы тәжірибесін қорытындылап, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» іспеттес, кейінгі жас ұстаздарға өзінің педагогикалық ой-тұжырымдарын мұра етіп қалдырды.
  • Республикада бірінші болып облыстық мұғалімдер газеті «Сыр мектебін» ашты. Ұзақ жылдар республикалық «Қазақстан мектебі» журналының ақылдастар алқасының мүшесі болды.

Ғылыми атағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]