INOGATE

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

INOGATE (Иногейт)Еуропалық одақтың (ЕО), Түркия мен Ресей Федерациясынан басқа ТМД елдері арасындағы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы. Ресми атауы – «Еуропалық одақ, Каспий және Қара теңіз өңірі елдерінің, және олармен көршілес елдер арасындағы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы».

Бағдарлама ЕО EuropeAid атынан, Украинаның Киевта орналасқан хатшылықтың және Грузияның Тбилисида орналасқан аймақтық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылады.

INOGATE бағдарламасы 1995 жылы ЕО-тың Еуропаға мұнай мен газды халықаралық тасымалдау тетігі ретінде құрылған (ағылшын тіліндегі акроним сондықтан пайда болған). Бастапқыда бұл ЕО-қа Шығыс Еуропа мен Кавказдан тасымалданатын мұнай мен газ құбырларына ғана қатысты болған. 2004 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында және Қазақстанның Астанасында өткен конференциалар нәтижесінде бұл бағдарлама энергетика саласындағы кең әріптестікке айналып, келесі негізгі төрт бағыттар бойынша жұмыс жасауда:

  • Энергетикалық қаyіпсіздікті нығайту
  • ЕО-тың ішкі энергетика нарығының принциптеріне негізделген энергетикалық нарықтардың конвергенциясы
  • Энергетиканың тұрақты дамуын қолдау
  • Жалпы және аймақтық маңызы бар энергетикалық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту

2007 жылдан бастап INOGATE бағдарламасы Көршілестік және Серіктестік жөніндегі Еуропалық Бастамасымен (ENPI) қаржыландырылады.

Серіктес мемлекеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

INOGATE бағдарламасының серіктес мемлекеттері:

Түркия INOGATE бағдарламасының серіктес мемлекеті болғандықтан, INOGATE мәжілістеріне қатысуға шақырылады, бірақ бенефициар мемлекет болып табылмайды. INOGATE бағдарламасы Еуропалық Коммисиясының үш директоратының - Көлік және энергетика бойынша бас директорат, Сыртқы қатынастар бойынша бас директорат және EuropeAid ынтымақтастық кеңсесінің арнайы бастамасы болып табылады.

«Баку бастамасы» және Астанада қабылданған декларация

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Баку бастамасы» - ЕО және INOGATE бағдарламасының серіктес мемлекеттері арасындағы энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі саяси диалогтың нәтижесі. Бұл бастама 2004 жылдың 13-қарашасында Бакудағы Министрлер конференциясында қабылданды. Екінші Министрлер конференциясы 2006 жылдың 30-қарашасында Астана қаласында өтіп, INOGATE бағдарламасының серіктес мемелекеттеріндегі энергетикалық мәселелерді және осы мәселелер бойынша олардың ЕО-пен біріккен әрекеттестіктерін кеңірек қарастыру ниетін дәлелдеді. «Баку бастамасының» мақсаты –инвестицияларды тартуға, қауіпсіздікті нығайтуға және энерготасымалдаушы жеткізілімдерінің сенімділігін арттыруға қабілетті айқын энергетика нарықтарын құру үшін қатысушы елдер мен ЕО-тың энергетика нарықтарының ықпалдастығын арртыру. (Бастаманың басқа аспектілері тасымалдауға жатады). Қатысушы елдер интеграциаланған энергетикалық нарығының ЕО-тың халықаралық және құқықтық нормаларына сай қызмет етуіне үлесін қосатын заң шығару мен техникалық стандарттарды үйлестіруге; жаңа инфрақұрылымды ұлғайту мен жасау арқылы энерготасымалдаушы жеткізілімдерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға; қоршаған ортаға экологиялық тұрғыдан қолайлы болатын ескі энергоөндіруші инфрақұрылымды жаңаға ауыстыруды; жаңа инфрақұрылымды дамытуға және заманауи бақылау жүйелерін ендіруге; энергожеткізілімдерді жақсарту, энергиялық тиімді жүйелерді интеграциялау арқылы сұранысты басқару; коммерциялық және экологиялық тұрғыдан бейімді жалпыға маңызды энергетикалық жобаларға қажетті қаржыландыруды арттыруға келісті. Осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған «Жол картасы» Астанада қабылданды.

Құрылымы және қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Баку бастамасы» орындалуының үйлестіруші Киевта орналасқан INOGATE Техникалық хатшылығы. Бастама барлық мемлекеттердің өкілі болып табылатын төрт жұмыс топ мүшелерінің демеуімен іске асырылады:

  • Нарықты ырықтандыру үшін құқықтық, реттеуші және институционалдық нормаларды үйлестіру;
  • Көлік желілеріндегі энергетикалық қауіпсіздікті және сенімділікті күшейту;
  • Тұрақты энергетикалық даму;
  • Инвестициаларды тарту және жобаларды қолдау;

INOGATE веб порталында ENPI қаржыландыратын және INOGATE жүзеге асыратын бірнеше жобалар ұсынылған. 2009 жылдың ақпан айынан бастап, бұл жобалар мұнай мен газ тасымалдау құрылымдарының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және Орталық Азияда үйлестірілген энергетикалық саясатты дамыту мен қатысушы елдердегі нарықтың интеграциялануы, тұрақты энергетика бастамаларын қолдау бойынша бастамаларды іске асырады. INOGATE бағдарламасы қатысушы елдердің мұнай мен газ құбырлары мен олардың Батыс Еуропамен байланыс картасын дайындады. INOGATE бағдарламасы үнемі жаңартылып тұратын конференциялар мен жарияланымдар тізіміне ие. Веб порталда әрдайым жаңа жаңалықтар, серіктес елдерінің энергетика саласындағы дамуы жайлы жаңа ақпараттар, ЕО-ң тиісті бастамалары мен саясаттары орналастырылған.

Тағы мынаны қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

INOGATE веб сайты Мұрағатталған 18 қарашаның 2019 жылы.