Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                

Медине, Мәдине (араб.: المدينة المنورة‎ — мәдинәт ән-нәби-пайғамбар қаласы) — мұсылмандардың қасиетті қаласы. Сауд Арабиясындағы Иасриб қаласы 622 ж. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) көшіп барғаннан кейін Медине деп аталды. Қаланы ансарлар аталған (қолдаушылар) аус және хазраж тайпалары мекендеген. Олар Меккеден қоныс аударған мұсылмандарға көмек көрсетіп, Мұхаммедтің (ғ.с) пайғамбарлығын мойындап, алғашқылардың бірі болып ислам дінін қабылдады. Мұнда алғашқы мешіт салынды, Құран Кәрім аяттарының біршамасы осында түсірілді. Мединеде алғашқы жұма намазы оқылып, жалпы мұсылмандарға парыз етілді, исламдағы дәрет алу, намаз, ораза, азан, тағыда басқа парыз болған әдет-ғұрыптардың орындалу дәстүрі бекіді. Медине қаласында мұсылмандар қауымы (үмбет) нығайып, қалыптасты. Оның бір көрінісі мединелік кезеңде мұсылмандар Бадр шайқасында жеңіске жетті. Сондай-ақ 625 ж. меккеліктер Медине қаласына жақын келіп, Ухуд тауының түбінде шайқасты. Мұсылмандар үлкен шығынға ұшырағанымен, меккеліктер жеңіліп, кері шегінді. Келесі жылы болған Мединеге шабуыл да қоныс орнының шебінде тойтарылды. Мединеде Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жерленген. Мұнда қажылық парызын орындаған мұсылмандар зиярат етеді. Медине алғашқыда тас қорғанмен қоршалған, төрт қақпасы бар бекіністі қала болды. 632 — 656 ж. Араб халифатының астанасы, 10 ғасырдан Мысырда билік құрған әулеттерге тәуелді, ал түріктер Мысырды жаулап алғаннан кейін (1517) және 1919 жылға дейін Осман империясының құрамында болды. 1919 — 1924 ж. Хиджаз корольдігінің, 1924 жылдан Сауд Арабиясының құрамына кірді. Қала орталығындағы Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) үйінің орнына 656 ж. үлкен мешіт салынған (бірнеше рет қайта салынды, қазіргі нұсқасы 1853 — 1854 жылдары тұрғызылған).[1][2]

Қала
Медине
араб.: المدينة المنورة
Әкімшілігі
Ел

 Сауд Арабиясы

Әкімшілік округ

Медине

Губернаторы

Фейсал ибн Салман Әл Сауд

Тарихы мен географиясы
Координаттары

24°28′ с. е. 39°36′ ш. б. / 24.467° с. е. 39.600° ш. б. / 24.467; 39.600 (G) (O) (Я)Координаттар: 24°28′ с. е. 39°36′ ш. б. / 24.467° с. е. 39.600° ш. б. / 24.467; 39.600 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

Б.з.д. IX ғасыр

Бұрынғы атаулары

Ясриб

Жер аумағы

589 км²

Орталығының биiктігі

608 м

Климаты

араб тілі

Уақыт белдеуі

UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

1 152 991 адам (2017)

Конфессиялар

мұсылмандар

Медине картада
Медине
Медине
Мұхаммед пайғамбар мешіті

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1