УЕФА Чемпиондар Лигасы
УЕФА Чемпиондар Лигасы | |
UEFA Champions League | |
Мемлекет | |
---|---|
Қаланған | |
Командалар саны |
34 (топтық кезең) |
Әрекеттегі чемпион |
Реал Мадрид (15-ші титул) |
Атағы ең көп |
Реал Мадрид (15 титулы бар) |
Сайт | |
УЕФА Чемпиондар лигасы 2023/24 |
УЕФА Чемпиондар Лигасы (көбінесе Чемпиондар Лигасы немесе тарихи Еуропалық Кубок) (ағылш. UEFA Champions League) — УЕФА-мен ұйымдастырылатын 1955 жылдан бері келе жатқан Еуропадағы ең таңдамалы клубтардың арасындағы сайыс. Бұл Еуропалық футболдағы (әлемдегі футболдағы да) ең салмақты клубтық трофей болып табылады.
Астана клубы 2015/16 жылғы Еурокубоктар маусымында кипрлық АПОЕЛ-ды жалпы есепте 2-1 есебімен ұтып Қазақстан тарихында алғашқы клуб болып Еуропа Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Тарихы
Чемпиондар лигасы 1955 жылы француздық L'Équipe журналының спорттық журналисі және редакторы Габриэль Аноның ұсынысы бойынша құрылған. Континенттік футбол турнирін ұйымдастыру Аноның ойына «Вулверхэмптон» 1954 жылы «Спартак» пен «Гонведті» жеңгеннен кейін әлемнің мықты клубы деген ағылшындардың прессасынан басталды. Ано өзінің газетінде әлемнің ең күшті клубын білу үшін өз алаңында және сырт алаңда ойын өткізетін турнир ұйымдастыру керек деп жауап берді. Ертеңіне Ано турнирдің жобасын жариялады. Ал 1955 жылдың қаңтар айында тұңғыш Еуропа Чемпиондарының Кубогы өткізілді.
Ең алғаш 1955/56 жылғы турнир қатардан шығу турнирі болды, онда әр кезең екі ойыннын өткізілді (үйде және қонақта). 1992 жылға дейін турнирге чемпиондар мен Чемпиондар Кубогының соңғы жеңімпаздары қатысқан болатын. 1991/92 жылғы маусымнан бастап турнирдің форматы өзгерді, оған топтық кезең қосылды, ал келесі жылы турнир УЕФА Чемпиондар Лигасы деп атын өзгертті. Одан ары қарай квалификациалық кезең, топтың құрылымында бірнеше өзгерістер болды. 1997/98 жылғы маусымда турнирде (УЕФА-ның коэффициенттерiнiң кестесiмен сәйкес) елдердiң қатардасының екiншi орын алған командаларда қатыса бастады. Квалификациялық кезеңнің жүйесі төмен коэффициентті елдердің топтық кезеңге дейінгі бір немесе бірнеше кезеңге қатыса алатын етіп қайта құрылды, ал коэффициенті жоғары елдер соңынан қатысты. Осы кездегі ең жоғарғы коэффициенті бар елдерден Чемпиондар Лигасына төрт клуб қатыса алады. 1960-2004 жыл аралығында Еуропа Чемпиондары Кубогының жеңімпазы Оңтүстік Америкадағы Либертадорес кубогының жеңімпазымен Континент аралық Кубокты сарапқа салатын. Ал қазір Чемпиондар Лигасының жеңімпазы ФИФАның ұйымдастыруымен Клубтар арасында Әлем чемпионатында өнер көрсетеді.
Форматы
Квалификация
Ұтыс ойындағы орындар сандары УЕФА-ның коэффициенттердiң кестесiнен тәуелдi болады:
- 1ден 3 орына дейiн кестеде алғашқы 4 командаларды ұсынуға алып жатқан қауымдастықтар;
- 4ден 6 орына дейiн кестеде алғашқы 3 командаларды ұсынуға алып жатқан қауымдастықтар;
- 7ден 15 орына дейiн кестеде алғашқы 2 командаларды ұсынуға алып жатқан қауымдастықтар;
- 16дан төмен кестеде 1алғашқы 1 команданы ұсынуға алып жатқан қауымдастықтар.
Жәнеде кестедегі орын клубтардың қай кезеңнен бастайтынын шешеді. Мысалы, алғашқы 3 қауымдастықтағы 3 клуб бірден топтық турнирге, ал төртінші плей-офф, ал кестедегі ең төмен орындағы қауымдастықтар 1 команда қоса алады. 2004/05 жылғы маусымда дау-жанжал шықты. Ливерпуль Чемпиондар Лигасын жеңді, бірақ өз чемпионатында 5ші орын алды, 4ші орын Эвертон алды. Англия Футбол Ассоцияциясы жолдаманы Эвертонға беруге қаулы шығарды, бірақ УЕФА келісімге келіп, екі мерсисайдтық клубты қатыстыруға бел буды: Ливерпуль 1ші квалификациялық раундтан, ал Эвертон 3ші. Осыдан кейін УЕФА егер Чемпиондар Лигасының Чемпионы өз чемпионатында лигаға қатыса алатындай орын алмаса, онда ЧЛның топтық турниріне қатыса алатын ең соңғы клубтың орнына қатысады. Осыдан ары қарай жеңімпаз әрқашан қатысу керек деген қаулы шығарды.
2005/06 жылғы маусымда Ливерпуль мен Артмедиа (Братислава) барлық квалификациялық раундтан өтіп, топтық турнирге жолдама алған алғашқы клубтар болды. Ал 2008/09 жылғы маусымда БАТЭ мен Анортосис осы жетістікті қайталады.
Сайыс
Турнир бірнеше кезеңнен және квалификациялық раундтан басталады.Командалар 2 ойыннан ойнайды (үйде және қонақта). Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда келесі квалификациялық раундқа жолдама алады. Квалификациялық раундтың барлығынан өткен команда топтық кезеңге жолдама алады. Жәнеде топтық кезеңге бірден жолдама алған командаларда қатысады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік шыққан екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады, ал топтағы 3ші орын алған команда Еуропа Лигасының 1/16 финалға жолдама алады. Ары қарай 1/8 финалдың жеребесі тартылды.Оның шарттары мынадай болып келеді:
- Бір қауымдастықтың командалары осы кезеңде бөлек жұп құрайды.
- Бір топтың командаларыда бөлек жұп құрайды.
- Топ жеңімпаздарыда бір бірімен кездесе алмайды.
- Топта екінші орын алған командаларда бір бірімен кездесе алмайды.
- Топта екінші орын алған команда алғашқы ойынын өз алаңында ойнайды.
Командалар екі ойын өткізеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша қай команданың 1/4 финалға шығатыны белгілі болады. Бұл кезеңнің жеребесі ешқандай шектеулерді ескермейді. Ширек финалдан кейін жартылай финал, сосын 1 матчтан, бейтаап стадионда болатын финал. Стадион - финал өткізуге өтініш білдірген стадиондардың арсынан таңдап алынады, ол барлық талаптарға сай және УЕФА рейтингінің 5 жұлдызды стадионы болу керек.
Бірақ 2009/10 маусымында Чемпиондар Лигасынан бастап мынандай жаңа форматтарға ие болды.
- УЕФА рейтингіндегі ең төмен 6 елдің клубтарына квалификация алдындағы раунд енгізілді.
- Чемпиондық және чемпиондық емес квалификациясы болып болінді: алдыңғы раундтың чемпион емес жеңімпаздары тек чемпион болмаған командалармен кездеседі.
- Топтық кезеңге бірден жолдама алу үлесі өзгертілді: УЕФА рейтингіндегі ең жоғарғы үш орындағы елдерге әр қайсысынан үш команда бірден топтық турнирге жолдама алады.
- УЕФА рейтингіндегі 10-12 орындағы елдердің чемпиондарына 3 орын кіргізілді
- 1/8 финалдағы сегіз кездесу 2 апта бөлінеген - 4 бірінші матч ақпан айының соңғысының алдындағы аптада, 4 қалған матча ақпанның соңғы аптасында өткізіледі. Қарымта кездесу - 3 аптадан кейін. Финал сенбі күні ойнатылады.
Сыйлық
2021-22 жылдардағы жағдай бойынша клубтарға төленген жүлделердің белгіленген сомасы келесідей (еуромен есептеледі):
- Плей-офф кезеңі: €5 000 000
- Топтық кезең үшін негізгі төлем: €15 640 000
- Топтық матчтағы жеңіс: €2 800 000
- Топтық матчтағы жеребе: €900 000
- 1/16 финал: €9 600 000
- Ширек финал: €10 600 000
- Жартылай финал: €12 500 000
- Финалист: €15 500 000
- Чемпиондар: €20 000 000
Бұл дегеніміз, ең жақсы жағдайда, клуб іріктеу раундтарындағы, плей-офф раундындағы немесе нарықтағы үлестерді есептемегенде, осы құрылым бойынша 85,140,000 еуро жүлде ала алады.
УЕФА Чемпиондар Лигасынан бөлінетін табыстың көп бөлігі нарықтықпен байланысты, оны бөлу әр елдегі теледидар нарығының құнымен анықталады. 2014/15 маусымда екінші орын алған "Ювентус" жалпы алғанда 89,1 миллион еуроға жуық табыс тапты, оның 30,9 миллион еуроны "Барселона" тапқан 61,0 миллион еуроға қарағанда жүлде алды, ол турнирді жеңіп, 36,4 миллион еуро жүлде алды.
Демеушілік
Фифа Әлем Кубогіндегідей сияқты УЕФА Чемпиондар Лигасында да көпұлттық корпорациялар демеушілікпен айналысады. 1992 жылы Лига құрылған кезде ең көбі сегіз демеушіні қатыстыруға болады деген шешім қабылданған болатын. Сол жүйе әлі күнге дейін орнында. Демеушілер өз кезегінде ойын кезінде алаң шеттерінде, пресс конференция залында және тікелей көрсетілім кезінде өз брендтарын жарнамалауға құқылы.
Чемпиондар Лигасының 2021-24 маусым аралығындағы демеушілері:
Adidas екінші демеуші болып табылады және матчқа ресми доп береді. 2019/20 маусымынан бастап төрешінің формасын итальяндық Macron спорттық бренді жеткізеді. Hublot сонымен қатар жарыстың төртінші ресми серіктесі ретінде екінші демеуші болып табылады.
Жеке клубтар жарнамасы бар футболкалар киюі мүмкін. Алайда, клуб футболкаға тек бір демеушінің логотипін қолдана алады (өндірушінің логотипін қоспағанда). Ерекшеліктер коммерциялық емес ұйымдар үшін жасалады, олар футболканың алдыңғы жағында, бас демеушімен немесе оның орнына біріктіріледі.
Егер клубтар тиісті демеушілік санаты шектеулі елде матч өткізсе (мысалы, Францияда алкогольді ішімдіктер жарнамалауға тыйым салынған), олар бұл логотипті футболкаларынан алып тастауы керек. Мысалы, "Рейнджерс" 1996/97 Чемпиондар Лигасында және УЕФА Кубогында француздық "Осер" және "Страсбург" клубтарымен ойнаған кезде, "Рейнджерс" ойыншылары "Mcewan's Lager" орнына "Center Parcs" логотипін киген (сол кезде екі компания да "Scottish & Newcastle" еншілес компаниялары болған).
Кубок
Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған клуб кубокты өзінде 10 айға қалдыруға құқылы. Клубтың жеңісіне арнап кубоктың кішірейтілген нұсқасын алады. 5 рет немесе 3 рет қатарынан жеңімпаз атанған команда кубокты мәңгіге өзіне қалдырады.
Ең бірінші Еуропа Чемпиондар Кубогын турнирге франциялық L'Équipe газеті ұсынды. «Реал Мадрид» турнирді 5 рет жеңіп алғаннан кейін кубокты өзіне қалдырды.
Келесі кубок бұрынғысынан өзгеше болды. Оны Берн зергері Юрг Штадельманн жасады. Кубоктың құны 10 мың швейцариялық франк тұрады. Кубок күмістен ішіне алтын құйылып жасалды, биіктігі 62 сантиметр және салмағы 7,5 килограмм тұрады.
Кубоктың екі құлағы болғандықтан оны көп елдерде «үлкен құлақ» деп те атайды.
Кубокты мәңгіге 6 клуб алып қалды, оның ішінде 2 клуб — екі рет:
- «Реал Мадрид» 5 жеңістен кейін, 1960 жыл
- «Аякс» 3 жеңістен кейін, 1973 жыл
- «Бавария» 3 жеңістен кейін, 1976 жыл
- «Милан» 5 жеңістен кейін, 1994 жыл
- «Ливерпуль» 5 жеңістен кейін, 2005 жыл
- «Бавария» 5 жеңістен кейін, 2013 жыл
- «Барселона» 5 жеңістен кейін, 2015 жыл
- «Реал Мадрид» 3 жеңістен кейін, 2018 жыл
Көрсеткіш
УЕФА Чемпиондар Лигасының Жеңімпаздары
- 2023/2024 — Реал Мадрид (Испания)
- 2022/2023 — Манчестер Сити (Англия)
- 2021/2022 — Реал Мадрид (Испания)
- 2020/2021 — Челси (Англия)
- 2019/2020 — Бавария (Германия)
- 2018/2019 — Ливерпуль (Англия)
- 2017/2018 — Реал Мадрид (Испания)
- 2016/2017 — Реал Мадрид (Испания)
- 2015/2016 — Реал Мадрид (Испания)
- 2014/2015 — Барселона (Испания)
- 2013/2014 — Реал Мадрид (Испания)
- 2012/2013 — Бавария (Германия)
- 2011/2012 — Челси (Англия)
- 2010/2011 — Барселона (Испания)
- 2009/2010 — Интер (Милан), Италия)
- 2008/2009 — Барселона (Испания)
- 2007/2008 — Манчестер Юнайтед (Англия)
- 2006/2007 — Милан (Италия)
- 2005/2006 — Барселона (Испания)
- 2004/2005 — Ливерпуль (Англия)
- 2003/2004 — Порту (Португалия)
- 2002/2003 — Милан (Италия)
- 2001/2002 — Реал Мадрид (Испания)
- 2000/2001 — Бавария (Мюнхен, Германия)
- 1999/2000 — Реал Мадрид (Испания)
- 1998/1999 — Манчестер Юнайтед (Англия)
- 1997/1998 — Реал Мадрид (Испания)
- 1996/1997 — Боруссия (Дортмунд, Германия)
- 1995/1996 — Ювентус (Турин, Италия)
- 1994/1995 — Аякс (Амстердам, Нидерланд)
- 1993/1994 — Милан (Италия)
- 1992/1993 — Олимпик (Марсель, Франция)
- 1991/1992 — Барселона (Испания)
- 1990/1991 — Црвена Звезда (Белград, Югославия)
- 1989/1990 — Милан (Италия)
- 1988/1989 — Милан (Италия)
- 1987/1988 — ПСВ (Эйндховен), Нидерланд)
- 1986/1987 — Порту (Португалия)
- 1985/1986 — Стяуа (футбол клубы) (Бухарест, Румыния)
- 1984/1985 — Ювентус (Турин, Италия)
- 1983/1984 — Ливерпуль (Англия)
- 1982/1983 — Гамбург (Германия)
- 1981/1982 — Астон Вилла (Бирмингем, Англия)
- 1980/1981 — Ливерпуль (Англия)
- 1979/1980 — Ноттингем Форест (Англия)
- 1978/1979 — Ноттингем Форест (Англия)
- 1977/1978 — Ливерпуль (Англия)
- 1976/1977 — Ливерпуль (Англия)
- 1975/1976 — Бавария (Мюнхен, Германия)
- 1974/1975 — Бавария (Мюнхен, Германия)
- 1973/1974 — Бавария (Мюнхен, Германия)
- 1972/1973 — Аякс (Амстердам, Нидерланд)
- 1971/1972 — Аякс (Амстердам, Нидерланд)
- 1970/1971 — Аякс (Амстердам, Нидерланд)
- 1969/1970 — Фейеноорд (Роттердам, Нидерланд)
- 1968/1969 — Милан (Италия)
- 1967/1968 — Манчестер Юнайтед (Англия)
- 1966/1967 — Селтик (Глазго, Шотландия)
- 1965/1966 — Реал Мадрид (Испания)
- 1964/1965 — Интер (Милан), Италия)
- 1963/1964 — Интер (Милан), Италия)
- 1962/1963 — Милан (Италия)
- 1961/1962 — Бенфика (Лиссабон, Португалия)
- 1960/1961 — Бенфика (Лиссабон, Португалия)
- 1959/1960 — Реал Мадрид (Испания)
- 1958/1959 — Реал Мадрид (Испания)
- 1957/1958 — Реал Мадрид (Испания)
- 1956/1957 — Реал Мадрид (Испания)
- 1955/1956 — Реал Мадрид (Испания)
Тағы қараңыз
- UEFA Club coefficients
- УЕФА Чемпиондар Лигасының әнұраны
- УЕФА Еуропа Лигасы
- УЕФА Конференциялары лигасы
|