18 мамыр
Көрініс
|
Мамырдың 18 — Григориан күнтізбесінде жылдың 138-ші күні (кібісе жылдарда 139-шы). Жылдың аяғына 227 күн қалады.
Мерекелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Халықаралық мұражай күні.
Оқиғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1804 жыл — Наполеон Бонапарт Франция Императоры болып жарияланды.
- 1944 жыл — Қырым татарларының жер аударылуы: Иосиф Сталиннің бұйрығымен Қырым татарлары Қырым түбегінен қуылды. Жер аударылған 193865 Қырым татарларының 45%-ы көш кезінде қаза тапты.
- 1969 жыл — Аполлон 10 іске қосылды.
- 1996 жыл — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев ақын Олжас Омарұлы Сүлейменовке «Қазақстанның халық жазушысы» куәлігін және төсбелгісін табыс етті.
- 2001 жыл — Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі Қазақстанға әкелінді. Ол Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қойылды.
- 2006 жыл — қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова жайлы «Әлия-ғұмыр: ерлік пен өнеге» атты жаңа кітап жарық көрді.
Туғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1048 жыл — Омар Хайям, парсы математигі, астрономы, ақын, философы (1131 ж.қ.б).
- 1868 жыл — II Николай, Ресейдің соңғы императоры (1894 – 1917) (1918 ж.қ.б).
- 1872 жыл — Бертран Рассел, ағылшынның көрнекті философы, логигі, қоғам қайраткері. (1970 ж.қ.б).
- 1885 жыл — Қайып Айнабекұлы, Алаштың белгілі ақыны (1955 ж. қ.б.)
- 1895 жыл — Аугусто Сесар Сандино, никарагуа халқының саясаткері (1934 ж.қ.б).
- 1897 жыл — Фрэнк Капра, Италиядан шыққан америкалық кинорежиссёр жəне продюсер (1991 ж.қ.б).
- 1919 жыл — Марго Фонтейн, балет əртісі, лондондық Патша балетінің прима-балеринасы (1991 ж.қ.б).
- 1936 жыл — Олжас Сүлейменов, ақын, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілі, Төтенше және өкілетті елші;
- 1939 жыл — Кәмила Құдабаева, жазушы;
- 1940 жыл — Рүстем Қайдаров, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, әділет генерал-майоры, профессор, академик;
- 1940 жыл — Саурық Садықов, спортшы, еркін самбо, дзюдо, қазақша күрес түрлерінің спорт шебері, Қазақ КСР-інің – 11, Орта Азия республикаларының алты дүркін чемпионы (1993 ж.қ.б.).
- 1947 жыл — Бақыт Сарбалаев, «Сын» журналының бас редакторы, жазушы, сыншы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері;
- 1953 жыл — Мұхаметжан Ибраев, авиация генерал-майоры;
- 1955 жыл — Чоу Юньфат, Азиядағы әйгілі актерлердің бірі.
- 1957 жыл — Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры;
- 1962 жыл — Батырхан Шүкенов, әнші, композитор;
- 1967 жыл — Арғын Қыпшақов, қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары;
- 1970 жыл — Тина Фей, америкалық актриса, комедиант, сценарист, продюсер.
- 1978 жыл — Рикарду Карвалью, португалиялық футболшы, қорғаушы.
- 1987 жыл — Луисана Лопилато, Аргентина актрисасы, әншісі және фотомоделі
Қайтыс болғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1911 жыл — Густав Малер, әйгілі австриялық сазгер, дирижер (т. 1860)
- 1981 жыл — Уильям Сароян, армян отбасынан шыққан атақты америкалық жазушы. (т. 1908)