Тина Фей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тина Фей
Tina Fey
Сурет
11 наурыз 2014 жылы "Мапеттер" фильмінің премьерасында
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Элизабет Стаматина Фей

Туған күні

18 мамыр 1970 (1970-05-18) (54 жас)

Туған жері

Аппер-Дэрби, Пенсильвания, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1998 жылдары

Марапаттары

«Эмми» (2002, 2007, 2008, 2009, 2013)
«Алтын глобус» (2008, 2009)

Эли́забет Стамати́на «Ти́на» Фей (ағыл. Elizabeth Stamatina «Tina» Fey; 18 мамыр 1970 жылы дүниеге келген, Аппер-Дэрби, Пенсильвания, АҚШ ) — америкалық актриса, комедиантка, сценарист, продюсер және жаузшы. «Эмми» премиясының сегіз мәрте жүлдегері (2002, 2007, 2008, 2009, 2013) және «Алтын глобус» (2008, 2009) премиясының екі мәрте лауреаты  (2008, 2009). 

Элизабет Стаматина Фей 18 мамыр күні 1970 жылы Аппер-Дэрбиде (Пенсильвания штаты, АҚШ) Дональд Фей және Зенобии Фейдің отбасында  (қыз кесінде-Ксенакес ) дүниеге келген. Тинада үлкен ағасы — Питер Фей (1962 дүниеге келген). Тинаның тұқымында неміс, шотланд және грек тұқымдары бар. Фей кішкентай кезінен бастап кино мен театрға қызықты, негізнен оған комедиялық жанрлар ұнады. Ата-анасы оның бұл мақсатын мақтан тұтты. 

Тина 1988 жылы орта мектепті бітірді, оқу уақытында ол драма үйірмелеріне қатысып жүрді, хорда ән салды, теннис команданысының құрамында ойнады және өздерінің қабырға газетін жүргізді. 1992 жылы Фей Виргиндік университетті үздік аяқтап, театрлық өнер саласындағы бакалавр дәрежесіне йе болды.

Тина импровизаторлық Чикагодағы «Екінші қала» тобының құрамында болды. Курстарының ақысын төлеу үшін оған таңертенгі уақытта Чикагодағы Христианлық Жастар ассоциасында жұмыс істеуге тура келді. 2 жылдан кейін, оқуын аяқтағаннан кейін, оны «Екінші қала» атты өзі 2 жыл бойы жұмыс атқарған топтың құрамына қосты. 

1997 жылы «Екінші қала» тобының бұрынғы актерлерінің бірінің шқыртуы бойынша Тина танымал «Сенбілік кеште тікелей эфирде» NBC каналында атты бағдарламаның сценаристі қызметін атқаруды бастады және бұдан кейін Нью-Йоркқа көшті. 1999 жылдан бастап, Фей бас сценарист болды және біраз кешіңкіреп қойылымдарда өнер көрсете бастады. Шынымен де, өзін алғашқы шоуда көріп, ол диетағы отырды және 10 килограммға арықтамағанынша қойылымдарға түсуден бас тарды. 

2004 жылы «Жаман қыздар» фильміне шығып, Тина сол фильмдегі басты рөлдердің бірінде  Линдсей Лохан, Рэйчел МакАдамс және Эми Полер.

2006 жылы келісімшартты толық орындағаннан кейін, Тина «Сенбілік кеште тікелей эфирде» бағдарламасын өзінің балалары үшін тастап кетті - «Студия 30» атты өзі бас сценаристтің қызметіндегі және басты рөлде ойнаған ситкомды бастады. Проектің композиторы оның жұбайы — Джефф Ричмонды болды. Шоуды көрермендер сүйсіне қуанышпен көрді және критиктердің де ойынан шыққан шоу NBC каналында жеті маусымы да көрсетілді. 

Тина Фей — «Эмми» премиясының сегіз мәрте жүлдегері (2002, 2007, 2008, 2009, 2013) және «Алтын глобус» (2008, 2009) премиясының екі мәрте лауреаты (2008, 2009). 

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Фей и Ричмонд 2010 жылы

2001 жылдың 3 маусымынан бастап Тина композитор, актер және продюсер Джефф Ричмондтың әйелі атанды. Күйеуінің екі қызы болды: Элис Зенобия Ричмонд және Пенелопа Этена Ричмонд.

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Год Қазақша атауы Шын аты Рөлі
1997—2010 сериал Сенбілік кеште тікелей эфирде Saturday Night Live Әртүрлі рөлдер
2004 фильм Жаман қыздар Mean Girls Мисс Норбери
2006 фильм Жыл адамы Man of the Year өзін-өзі
2006—2011 сериал Студия 30 30 Rock Лиз Лемон
2008 фильм Ой, анашым Baby mama Кейт
2009 фильм Өтірік құрастыру The Invention of Lying Шелли Бейли
2010 фильм Ессіз кездесу Date Night Клэр
2010 фильм Мегами Megamind Роксана Ричи (дауыстау)
2013 фильм Екіге арналған экзамен Admission
2013 фильм Телевжүргізуші 2: Қайтадан сәлеметсіздерме Anchorman: The Legend Continues
2014 фильм Маппеттер 2 The Muppets... Again! Надя
2014 фильм Ары қарай өздерің өмір сүріңдер This Is Where I Leave You Венди Олтмен
2015 фильм Әпкелер Sisters Кэти Эллис

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]