Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы
абх. Советтә Социалисттә Республика Аҧсны


4 наурыз 1921 жылы — 19 ақпан 1931 жылы



байрақ Елтаңбасы
Ұраны
«Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!»
Апролетарца аτ̆ѵлақуа ӡег̆ѵ рҿѵ iqoy, щҿeiдѵщкѵл!
Әнұраны
«Интернационал»

Абхазия СКР 1931 жылы
Астанасы Сохум
Ірі қалалары Сохум, Гагра
Тіл(дер)і абхаз және орыс
Аумағы 8600 км²
Халқы 201 000 (бағалау 1926; негізінен грузиндер, абхаздар, армяндар, орыстар және гректер)
Басқару формасы Кеңестік социалистік республика
Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы
 -  Нестор Лакоба
Халық тығыздығы 23,4 адам/км²
1921—1925 жылдардағы Абхазия Социалистік Кеңес Республикасының елтаңбасы

Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы (қысқаша Абхазия СКР, АСКР; абх. Советтә Социалисттә Республика Аҧсны) — бұрынғы тәуелсіз кеңестік социалистік республика. 1921 жылы 16 желтоқсанда Грузия КСР-мен арнайы одақтық шартқа қол қойылғаннан кейін Грузиямен бірігіп, «шарттық»[1][2] социалистік республика мәртебесін алды[3], осылайша Грузиямен тең жағдайда, автономиясыз біріктірілді. Грузия КСР арқылы КСФКР құрамына кірді[4].

Аяғында «Абхазия Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы» (1931 жылы 19 ақпан – 1936 жылы 5 желтоқсан)[5] немесе «Келісімді Абхаз Кеңестік Социалистік Республикасы» (1930 жылы 17 сәуір – 1936 жылы 5 желтоқсан)[6] деп аталды. 1936 жылы 5 желтоқсанда «Абхаз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы» деп аталды. 1992 жылы 23 шілдеде «Абхазия Республикасы» болып өзгертілді.

Кеңес өкіметінің орнауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1921 жылы 4 наурызда Абхазияда Кеңес өкіметі орнады. Абхазияның жоғары лауазымды шенеуніктерінің басқосуында қандай болуі керек деген мәселе көтеріліп, делегаттар бірауыздан мынадай пікірге келді:

  • Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы болып жариялануы керек;
  • Кеңестік Абхазия бүкілресейлік федерацияның тікелей бөлігі болуы керек;
  • Абхазиядағы жалпы саясат буржуазия мен шаруаларға қатысты орташа сақтық танытуы керек.

Ресей халықтары құқықтарының Декларациясын басшылыққа ала отырып, 1921 жылы 26 наурызда РКП(б) Ұйымбюросы мен Абхазия ревкомның кеңейтілген отырысында Абхазияны Кеңестік Социалистік Республикасы деп жариялау туралы шешім қабылданды. Тәуелсіз Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы 1921 жылы 31 наурызда жарияланды. Батуми кеңесінің Абхазиядағы Кеңес өкіметі мен Коммунистік партиясының құрылымы туралы хаттамасында былай делінген:

Тыңдалды: Кеңестік билік пен Абхазия Коммунистік партиясының құрылымы туралы. Қаулы қабылданды: Абхазия Кеңестерінің съезіне дейін Кеңестік Абхазияның РКФСР немесе Грузия КСР федерациясы туралы мәселе ашық қалдырылып, Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы болып жарияланды.

Конференция алдындағы партия ұйымы Абхазиядағы РКП ұйымбюросы деп аталды және РКП ОК Кавбюросының нұсқаулары бойынша жұмыс істеді. Ұйымбюро Грузия мен Абхазия халықтарының арасында меньшевиктер тудырған ұлтаралық араздықты жою үшін пәрменді шаралар қабылдады.''


Бірақ 1921 жылдың 21 мамырында Грузия СКР Революциялық комитеті Абхазия СКР тәуелсіздігін мойындап, Грузия социалистік кеңес республикасы революциялық комитетінің Абхазия социалистік кеңес республикасының тәуелсіздігі туралы Декларациясын қабылдады. Міне, осы құжаттың мәтінінен үзінділер:

Меньшевиктер үкіметі грузин буржуазиясының үкіметі бола отырып, Грузияның еңбекші халқын басып-жаншумен бірге Грузияның жекелеген ұлттары, осы аумақта ғасырлар бойы өмір сүрген ұлттар арасында жан түршігерлік қайшылық тудырған ұлттық азшылықтардың революциялық бастамасының кез келген көрінісін ерекше күшпен басып тастады.

Ал Кеңес үкіметі езгі ұстанымына қарсы ұлтқа бөлінбей барлық еңбектенуші адамдарының теңдігі мен туысқандық одағын қояды. Ұлы Қазан төңкерісі жариялаған ұлттардың өз тағдырын өзі билеу құқығын ұлттық наным-сенімдерді жоюдың және еңбекшілердің нағыз одағын нығайтудың бірден-бір шынайы құралы деп санайды.

Осыны негізге ала отырып, Грузия социалистік кеңес республикасының революциялық комитеті тәуелсіз Абхазия социалистік кеңес республикасының құрылғанын мойындап, құптайды... Грузия СКР Ревкомы.


1921 жылы 5 қазанда РКП (б) Абхазиядағы Ұйымбюросының Пленумы мен Ревкомның жоғарғы лауазымды адамдарының кеңейтілген отырысында Абхазия СКР тәуелсіздігі туралы мәселе бойынша қаулы қабылданды:

РКП-ның ұлт мәселесі жөніндегі бағдарламасынан, РКП V съезі бекіткен жаңа экономикалық саясаттан, бір жағынан, меньшевиктер билігі кезінде қалыптасқан грузин және абхаз халықтарының ұлттық қатынастарының хақтарынан, екінші жағынан, жиналыс 28 наурыздағы Батуми жиналысының қаулысын және Грузревкомның 21 мамырдағы Абхазия СКР тәуелсіздігі туралы декларациясын толығымен мақұлдайды.

Сонымен қатар, бір жағынан, Абхазияның үйлесімсіз экономикалық қуатымен қатар оның халқының аз болуын, грузин халқымен әдет-ғұрып бойынша және тарихи байланыстылығын ескере отырып, экономиканың ортақтығы және Грузия мен Абхазияның экономикалық ұйқас саясаты, екінші жағынан, жиын Грузия СКР мен Абхазия арасында тығыз қарым-қатынас орнатуды қажет деп санап, жақын арада екі республиканың да кеңестенетінін ескере отырып - жиын енді Грузия мен Абхазия арасындағы көрсетілген байланысты екі одақтық республика арасындағы тең құқықты ресми шарт арқылы рәсімдеу қажет деп санайды.


Грузияға қосылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1921 жылы 16 желтоқсанда Абхазия СКР мен Грузия СКР халықаралық құқық субъектілері ретінде одақтық шартқа қол қойып, оған сәйкес федералдық шарттық негізде Грузия Республикасымен бірікті. 1922 жылы 13 желтоқсанда сол арқылы Абхазия Күнгей Кавказ федерациясына кірді.

1921 жылғы 16 желтоқсандағы Грузия Социалистік Кеңес Республикасы мен Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы арасындағы одақтық шарттың 1-тармағына сәйкес Грузия мен Абхазия Социалистік Кеңес Республикалары әскери-саяси, қаржылық және экономикалық одаққа кірді. Сонымен бірге, аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін тараптар бірқатар аумақтарды біріккен деп жариялады, сол арқылы олар бірлескен басқару аймақтарына айналды. Осылайша, Абхазия мен Грузия арасындағы мемлекеттік-құқықтық қатынастар шарттық негізде пайда болды және Одақтық шартқа қол қойылған кезде Абхазия мен Грузия құқықтық жағынан бір-бірімен байланысы жоқ тең құқылы мемлекеттер болды. 4-тармақта Абхазияның Күнгей Кавказ федерациясына Грузия арқылы енетіні, бұл оған өз орындарының үштен бірін беретіні айтылған.

Бұл шартты 1922 жылы ақпанда Абхазия Кеңестерінің бірінші съезі бекітті, онда ол үлкен дау тудырды. Абхазия басшылары орталық большевиктік өкіметтің қысымымен делегаттарды шарттың Абхазия тәуелсіздігіне қауіп төндірмейтініне сендіруге мәжбүр болды. Сонымен, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Н.Лакоба өз сөзінде съезд делегаттарын тыныштандырып:

Грузия Абхазияның тәуелсіздігін алып жатқан жоқ. Егер Грузия тартып алатын болса, РКП революциясының штабына, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетіне, жолдас Ленинге жүгінеміз. Кеңес өкіметі бола тұра Абхазияның еңбекші халқының тәуелсіздігін ешкім тартып ала алмайды.


Сонымен қатар, Абхазия Республикасының бірқатар өкілеттіктері Грузиямен бірлескен басқару берілгенімен, Абхазия КСР-нің егемендігі, оның аумақтық тұтастығы сақталды.

Абхаз АКСР

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1931 жылы 19 ақпанда Абхазия СКР автономиялық республика болып өзгертілді. Республиканың мәртебесін төмендету «автономиялық республикалар мен облыстардың мемлекеттік аппаратын қайта құру» ұранымен жүзеге асырылды. 1930 жылы сәуірде Абхазия Орталық Атқару Комитетінің сессиясында Абхазия мен Грузия арасындағы одақтық шарт туралы мәселе қаралып, бір мәселе – Абхазияны Грузиямен біріктіру туралы мәселені қоспағанда, шарттың өзі маңыздылығын жоғалтты деген қорытындыға келді.

Шипажайлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Абхазия СКР қалалары мен елді мекендері: Сохум, Гагра, Гудаута, Жаңа Афон (Псыртсха), Гулрипш, Ошамшира шипажайлар болып табылады.

1925-31 ж. елтаңба

1925 жылы Абхазия Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік елтаңбасы:

Абхазия Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы абхаз тілінде – «СССР Апсны» абх. «Абхазия СКР») деген жазуы бар Абхазия табиғат көрінісінің фонындағы алтын орақ пен балғаның бейнесінен тұрады. Жоғарғы жағында күн сәулесіндегі қызыл бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Елтаңба жүгері, темекі және жүзім шірінен бейнеленген ою-өрнекпен жиектелген және абхаз тілінде: «Апролетарцэа атэылакуа зегьы рчы икоу, шэчеидышэкыл!» («арлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!») деген жазуы бар қызыл жиекпен қоршалған.

— Абхазия Кеңестік Социалистік Республикасының 1925 жылғы Конституциясы, XXI тарау, 115-бап.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Конституция Грузии от 1927 г. Глава V: Келісімді Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы туралы [1] Мұрағатталған 10 сәуірдің 2015 жылы.
  2. Конституция СССР 1924 года. Договор об образовании. Глава IV. Примечание. Аджария мен Абхазия — Автономиялық республикалары – және Оңтүстік Осетия, Таулы Қарабақ және Нахшыван — автономиялық облыстары – Ұлттар кеңесіне бір-бір өкілден жібереді.
  3. Конституция ССР Абхазии 1927 года: Абхазия Республикасы – арнайы шарт бойынша Грузия Социалистік Кеңес Республикасының және ол арқылы Күнгей Кавказ Социалистік федеративтік Кеңесінің құрамына кіретін жұмысшылар мен еңбекші шаруалардың социалистік мемлекеті. Республику.[2] Мұрағатталған 13 қазанның 2017 жылы.
  4. Конституция Грузии от 1927 г. Статья 83: Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы арнайы шартқа сәйкес Грузия Социалистік Кеңес Республикасының құрамына және ол арқылы КСФКР құрамына енеді. [3] Мұрағатталған 10 сәуірдің 2015 жылы.
  5. Справочник по истории Коммунистической партии и Советского Союза 1898—1991.
  6. А. Г. Виноградов. Население России и СССР с древнейших времен по настоящее время: ДЕМОГРАФИЯ. Стр. 127.