Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Анархизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Анархистердің қара жалауы

Анархизм (гр. ἀναρχία - «бассыздық», «басқарусыздық»[1]) — адамдар арасындағы баршаға ортақ тәртіптерді мойындамайтын, жеке адамның шексіз еркіндігін уағыздайтын, мемлекеттік және басқа да биліктің түрлерін жоққа шығаратын қоғамдық-саяси ағым. Өзінің мемлекеттік билікті жою, ұйымдастырылған саяси күрес, беделді, тәртіпті мойындамау деп жариялаған саяси ағым;.[2] XIX ғ. ортасында қалыптасқан.

Анархизмнің негізін қалаушылар: неміс философы М. Штирнер (1806-1856), француз философы, экономисті П. Прудон (1809-1865). Көрнекті өкілдері: орыс төңкерісшілері М. А. Бакунин (1814-1876), П. А. Кропоткин (1842-1921).

Анархизм дүниетанымының негізі - индивидуализм. Бұл ағымды қолдаушылар тұлға еркіндігін шектейтін кез келген әрекетке қырын қарайды. Анархистер мемлекеттік биліктің барлық түрлеріне жеке тұлға еркіндігін жүзеге асыру жолындағы басты кедергі ретінде қарауы заңдылық. Өйткені олар мемлекеттік және саяси биліктің түрлерін дереу жойылуы тиіс жамандық, жауыздық деп жариялайды. Олардың пікірінше, әлеуметтік төңкерістің негізгі міндеті - мемлекетсіз өзін-өзі басқаратын өндірістік бірлестіктерден, әлеуметтік қауымдастықтардан тұратын қоғамдық құрылым орнату.

Күнделікті өмірде «анархия» терминін басқарудың дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан болатын тәртіпсіздік, хаос жағдайында қолданады. Алайда, анархистер болашақта мінсіз мемлекетсіз өмірді қоғамдық процестердің тәртіпсіз, басқарусыз, бей-берекет қалпынан іздемейді. Керісінше, олардың пікірінше тек анархия, яғни, адамдарды еш нәрсеге мәжбүрлемеу, қарым-қатынастьщ еркіндігіне негізделген, басқарусыз шынайы қоғамдық тәртіп орната алады. Бұл қозғалысты жақтаушылардың кең таралған "Анархия - тәртіптің бастауы!" ұранын осы түрғыда түсіну керек.[3]

Анархизмнің көптеген түрлері мен дәстүрлері бар және олардың барлығы бір-бірін жоққа шығармайды: әдетте, белгілі бір анархистер бір уақытта бірнеше анархистік ілімдердің жақтаушылары болып табылады: мысалы, анархист мемлекетсіз коммунистік идеялар мен жасыл анархизмнің жақтаушысы бола алады. Анархистердің бір бөлігі дәстүрлі түрде өздерін мемлекеттілікке ғана емес, сонымен қатар жеке меншікке, капитализмге, нарықтық қатынастарға қарсы солшыл деп санайды. Бұл бағытқа анархо-коммунистер, анархо-коллективистер мен анархо-синдикалистердің көпшілігі кіреді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3