Антиклиналь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Антиклинальдың бейнесі.

Антиклиналь, антиклинальдық қатпар— тау жынысы қабаттарының жоғары қарай доғалана қатпарлануы. Антиклинальдің орта шенінде ескі, ал қанаттарында кейінгі жас қабаттар орналасады.

Антиклин (грек, anti — қарсы, klino — еңкейтемін) — шөгінді, эффузиялық немесе метаморфтық таужыныстар бірлестігіне тән қат-қабаттардың өзара астасу пішіні. Жымдасқан қабаттар жиынтығының бірлесе иілуі нәтижесінде антиклиналь қатпарлар дөңес пішіндер түзеді. Қатпар ядросын, яғни оның ішкі өңірін қүрайтын қабаттар сыртқы өңірдегі, яғни қатпар қанаттарындағы таужыныстардан көнелеу болып келеді.[1] Нақтылы қатпардың иілу нүктесі "қатпар құлпы" деп аталады, ал осы қатпар жүйесінің қүлыптары орналасқан нүктелерді жазық бағытта ойша жалғастырған жағдайда пайда болатын шартты сызық "қатпар топсасы" деген атауға ие. Синонимі: антиклиндік қатпар.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Қүсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ, 2006. - 280 6.ISBN 9965-808-83-Х