Атжалман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Атжалман

Атжалманкеміргіштер отрядының аламан тәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі мақұлықтар. Атжалман республикамыздың барлық аймақтарында кездеседі. Оның Қазақстанда дауыр атжалманы, сұр атжалман, эверсман атжалманы, жоңғар атжалманы, Роборовский атжалманы, кәдімгі атжалман сияқты түрлері мекендейді.

Дене тұрқы 7 — 28 см-дей, салмағы 17 — 540 г-дай болады. Құйрықтары қысқа келеді, ұрт қалталары жақсы жетілген. Жүні ала күреңдеу, екі бүйірі қызғылт, аузының айналасы, алқымы ақ болады. Шөптесін өсімдіктер мен бұта арасында, бау-бақша маңайларында тіршілік етеді. Күндіз інінде жатады және онда оның азық сақтайтын бірнеше қоймалары болады. Өсімдіктердің тұқымдарымен, жапырақтарымен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ініне азықтық қор жинайды. Қысқы ұйқыға жатады. Ауық-ауық ұйқысынан оянып, жинаған азығымен қоректеніп алады. Атжалмандар жылына 3 — 4 рет, 3 — 13-тен балалайды. Бір рет түлейді. Атжалмандар ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Оба және туляремия ауруларын таратады. Кейбір түрлері лабораториялық жануарлар ретінде қолда өсіріледі.

[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы I том